Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Telegram арнасының логотипі ustazdarrkk — ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ Қ
Telegram арнасының логотипі ustazdarrkk — ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ
Арна мекенжайы: @ustazdarrkk
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.76K
Арнадан сипаттама

🔥🔥🔥ҚР білім беру саласының басты және нақты жаңалықтары!
🔥🔥🔥Главные и точные новости сферы образования РК!

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-06-02 07:56:53 Алдағы уақытта әр өңірде бала құқықтары жөнінде тәуелсіз уәкіл болады

Білім туралы үздік арнаға жазыл https://t.me/ustazdarrkk
848 viewsedited  04:56
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 14:23:57 ПЕДАГОГҚА ПАЙДАЛЫ ПОРТАЛДАР МЕН РЕСУРСТАР

Жазғы каникул – тек демалып қана қоймай, әрбір ұстаз келесі оқу жылында мен қандай жаңалық енгізе аламын? Оқушыларыма қандай жаңа нәрсе үйрете аламын? деген сұрақтарға жауап іздеу уақыты.

Сол себепті Сіздерге, демалысты пайдалы өткізу үшін, әр педагогтың өзін-өзі дамытуына арналған курстар мен платформалар жиынтығын ұсынамыз.

Қазақ тілінде:

orleu-edu.kz – Қазақстан педагогтерінің кәсіби дамуы, ересектерді оқыту, қолданбалы зерттеулер және жетекші білім беру практикаларын тарату бойынша көшбасшы.

openu.kz – Қазақстанның жетекші университеттерінің көптеген тақырыптарға арналған курстары жинақталған.

Орыс тілінде:

rosuchebnik.ru – ресейлік вебинар, дидактикалық материалдар, оқулықтар жинақталған портал.

foxford.ru – онлайн-мектеп, мұғалімдер үшін біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау курстары жинақталған.

moi-universitet.ru – мұғалімдерге арналған ақылы және тегін курстар мен вебинарлар сайты.

lektorium.tv – онлайн-курстар және бейнедәрістер медиатекасы.

Ағылшын тілінде:

coursera.org – кез-келген жерде кез-келген адамға әлемдік деңгейдегі университеттер мен компаниялардың онлайн курстары мен дәрежелеріне қол жетімділікті ұсынатын ғаламдық онлайн оқыту платформасы.

edx.org – бүкіл әлемнің тыңдаушыларын тегін оқытуға бағытталған жоба. Оған информатика және бағдарламалау, бизнес және менеджмент, басқа пәндер бойынша онлайн курстар кіреді.

alison.com – 4000 мыңнан астам тегін курстар жинақталған платформа

futurelearn.com – әлемнің жетекші университеттері мен мәдениет институттарының курстары бойынша тегін оқытуды ұсынатын онлайн-платформа.

openlearning.com – бұл алдыңғы қатарлы онлайн оқыту платформасы. Оқытушыларға өз оқушыларын болашақ мамандықтарға дайындауға мүмкіндік беру ресурсы.

Әріптестеріңізге жіберіңіз!

Білім туралы үздік арнаға жазыл https://t.me/ustazdarrkk
705 views11:23
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 18:55:51 Құрметті оқырмандар, ұстаздар!

Сіздердің ой-пікірлеріңіз бізге өте маңызды

Сол себепті төмендегі “Прокомментировать” батырмасы арқылы сіздерді толғандырып, қызықтырып жүрген тақырыптарды жазыңыздар.

Сіздерге қандай ақпарат қажет, не білгіңіз келеді?

Біз міндетті түрде барлық пікірлерді қарап, сіздерге пайдалы тақырыптарды зерттеп алдағы уақытта пайдалы посттардың шығуына жұмыс жасайтын боламыз!

Бізбен бірге болғандарыңызға рақмет!
Арнамызды бірге 12 мыңға дейін жеткізейік


Әріптестеріңізге біздің арнаның сілтемесін жіберіңіз!

https://t.me/ustazdarrkk
1.1K viewsedited  15:55
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 14:42:24 Мұғалімдерге магистратураға қалай түсуге болады?

Әріптестеріңізге жіберіңіз, біліп жүрсін!

Магистр дәрежесі бар педагогке 10 АЕК көлемінде қосымша ақы төленеді. 2022 жылы бұл 31 800 теңгені құрайды.

Магистратураға түсу үшін өтініштерді қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының жүйесі арқылы жүргізіледі - app.testcenter.kz.

Тестілеу мен құжаттарды жылына 2 рет тапсыруға болады:

Жазғы өтініштер 1 маусым - 15 шілде аралығында қабылданып, кешенді тестілеу 20 шілде мен 10 тамыз аралығында жүргізіледі.

Қысқы өтініштер 1-18 қараша аралығында қабылданып, кешенді тестілеу 19 қараша - 11 желтоқсан аралығында жүргізіледі.

Кешенді тестілеудің форматы (2 жылдық магистратура) - 130 сұрақтан тұрады (150 балл):

Шет тілінен тест (ағылшын/неміс/француз) - 50 сұрақ.
Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест - 30 сұрақ,
Білім беру бағдарламалары бойынша пәндік тест - 50 сұрақ.

Халықаралық тілдік сертификатыңыз болса, шет тілінен тест тапсырмайсыз.

Грантқа түсу үшін тестілеуден кемінде 75 балл алу керек (оның ішінде, шет тілінен 25 баллдан, оқуға дайындық, 1 және 2 пәндер бойынша 7 баллдан кем болмау керек).

Тестілеуге қатысу құны 14 693 теңге.

Білім туралы үздік арнаға жазыл https://t.me/ustazdarrkk
350 viewsedited  11:42
Ашу / Түсініктеме
2022-05-31 10:24:04 3 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша кейбір заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды.

Ол бойынша «Педагог мәртебесі туралы» Заңға 2 өзгеріс енгізілді.

1. Енді педагогтар, бұрынғыдай 5 жылда емес, 3 жылда бір рет біліктілігін арттыра алады.
2. Халықаралық олимпиадалардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған педагогқа (1-орын 150 АЕК, 2-орын 100 АЕК, 3-орын 50 АЕК) бір жолғы сыйақы төленеді (бұйрық жобасы талқылануда).

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2200000118

Білім туралы үздік арнаға жазыл https://t.me/ustazdarrkk
869 views07:24
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 14:40:28 Балаларымыз неге әлі күнге дейін шпаргалка қолданудан тыйынбайды?

Қазір ҰБТ-да әділдік бар ма?
Оқушыларыңыз не дейді?

Мұғалімдердің ролі қандай? Не істеуіміз керек?

Комментарийде ойыңызды жазып әріптестеріңізбен бөлісіңіз!

https://www.nur.kz/society/1971494-kazahstanets-zapisal-voprosy-s-ent-na-pachke-s-vitaminami-ego-poymali-nablyudateli/
95 views11:40
Ашу / Түсініктеме
2022-05-28 11:01:13
Педагог 3 миллион теңгені қалай жеңіп ала алады?
 
Ол үшін «Үздік педагог» конкурсына қатысу қажет. Бұл атақ білім беру ұйымдарының педагогтеріне жыл сайын (үш кезеңде) конкурстық негізде беріледі.
 
Атақ бір адамға он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді және құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі болуы керек.
 
Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі.
1-кезең – аудандық, қалалық. Жыл сайын сәуір айында өткізіледі.
2-кезең – облыстық, республикалық маңызы бар қалалар. Жыл сайын мамыр айында өткізіледі, онда үшінші кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары анықталады.
3-кезең – республикалық. Жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында өткізіледі, онда конкурстың жеңімпаздары анықталады.
 
Үш кезеңнен сүрінбей өткен педагогқа «Үздік педагог» атағы, медаль және 3 180 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.
 
Конкурс ережесі - https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V15H0010279
 
«Үздік педагог» атағын алған әріптестеріңіз бар ма?
 
Үздік арнаға жазыл t.me/ustazdarrkk
1.0K views08:01
Ашу / Түсініктеме
2022-05-27 13:45:28 Мұғалімдердің құқықтарын қорғап жүрген Қазақстанның белсенді ұстаздарының тізімі
 
Aiman Sagidulla - https://web.facebook.com/profile.php?id=100008983389069
 
Аятжан Ахметжанұлы - https://web.facebook.com/aiatjan
 
Айнұр Сабыр - https://web.facebook.com/profile.php?id=100011824110701
 
Өмір Шыныбекұлы - https://web.facebook.com/omir.shynybekuly
 
Dana Rau - https://web.facebook.com/profile.php?id=100000992507105
 
Ақмарал Шатемірқызы - https://web.facebook.com/profile.php?id=100021428820479
 
Мен Қазақтың Баласы (Абайұлы) - https://web.facebook.com/profile.php?id=100008011843911
 
Музаффар Сайдуллаев - https://web.facebook.com/profile.php?id=100056230304990
 
Meirzhan Temirbek - https://web.facebook.com/MeirzhanTemirbektegi
 
Бауыржан Ниязбеков - https://web.facebook.com/profile.php?id=100004542276737
 
Сафура Сейдуәлиқызы Төлектегі - https://web.facebook.com/profile.php?id=100001214832306
 
Акмарал Бурлибаева - https://web.facebook.com/profile.php?id=100028815053038
 
Тұрсынай Басқынбаева - https://web.facebook.com/profile.php?id=100011019279048
 
Карлыгаш Абдрахманова - https://web.facebook.com/profile.php?id=100007620699087
 
Федор Вассерман - https://web.facebook.com/profile.php?id=100018213824146
 
Наталья Дрейт - https://web.facebook.com/profile.php?id=100010341001110
 
Нургали Сабденов - https://web.facebook.com/nurgali.sabdenov
 
Осы тізімге кімді қосар едіңіз? Комментарийге жазып ұжымның чаттарына жіберейік, әріптестермізді қолдайық
 
Білім туралы үздік арнаға жазыл https://t.me/ustazdarrkk
384 viewsedited  10:45
Ашу / Түсініктеме
2022-05-27 09:01:15
Бауырлас елдер білім саласында да бірге

Біздің білім министрі Асхат Аймағамбетов бір айда екі мемлекеттің министрлерімен білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Алғашқысы, 11 мамырда Түркия Республикасымен, кеше 26 мамырда Қырғыз Республикасымен.

Асхат Аймағамбетовтың министр болғалы білім саласында қандай жағымды өзгерістерді еске түсіре аласыздар? Комментарийде бөлісіңіз

Білім туралы үздік арнаға жазыл https://t.me/ustazdarrkk
436 views06:01
Ашу / Түсініктеме
2022-05-26 17:03:46 Сынып жетекшісі не үшін жауапты?

Елімізде мектептердегі сыныпқа жетекшілік ету Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығымен реттеледі.

Ол бойынша, сынып жетекшісі қызметінің мақсаты – білім алушының азаматтық өзіндік санасын, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын, өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі іске асыруын қалыптастыруы, оның тұлғалық өзін-өзі анықтауы, қоғамда табысты әлеуеттенуі мен бейімделуі үшін, білім алушылардың шығармашылығын дамыту, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдай жасау.

Бұл бұйрықпен осы сілтеме арқылы таныса аласыздар https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013067

Әріптестеріңізге жіберіңіздер

Білім туралы үздік арнаға жазыл https://t.me/ustazdarrkk
857 views14:03
Ашу / Түсініктеме