Get Mystery Box with random crypto!

ҰБТ-2022: 21 ТҮЛЕКТІҢ НӘТИЖЕСІ ЖОЙЫЛДЫ Ұлттық бірыңғай тесті | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

ҰБТ-2022: 21 ТҮЛЕКТІҢ НӘТИЖЕСІ ЖОЙЫЛДЫ

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші аптасында 21 ереже бұзушылық анықталып, нәтижелер жоққа шығарылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, өткен аптада тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан барлығы 21 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды

"Біз ҰБТ-дағы әрбір жоғары нәтижені тексереміз", - деді ол.

Сонымен қатар ол жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлерді қайта бақылау барысында ерекше назарға түскен тестіленушіге тоқтады.

"Тест тапсырушы қаңтар айында 7️2 балл, ал негізгі ҰБТ-да 1️30 балл жинаған. Нәтижесі бірден 5️8 балға өскен, сондықтан біз қосымша күшейтілген бақылауды өткізуді жөн көрдік", - дейді орталық директоры.

Бейнежазбаларды тексеру барысында талапкердің ҰБТ ережелерін бұзғандағы белгілі болды. Ол тестілеу барысында бейнекамера мен мини құлаққап қолданған.

Толығырақ: martebeli.kz/%D2%B1bt-2022-21-t%D2%AFlekti%D2%A3-n%C9%99tizhesi-zhojyldy