Get Mystery Box with random crypto!

5200 ОҚЫТУШЫ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ Қазақстандық колледждердің | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

5200 ОҚЫТУШЫ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

Қазақстандық колледждердің 5 200 оқытушысы біліктіліктерін арттыру мақсатында ірі кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтті, деп хабарлайды Қазақстан ұстаздары.

Былтыр Білім және ғылым министрлігі колледж оқытушыларының жаңа технологияларды аудиторияда емес, салалық кәсіпорындар мен мекемелердің базасында оқыту үшін келіссөздер жүргізіп, келісімдерге қол жеткізген болатын.

Нәтижесінде педагогтер «АрселорМиттал» АҚ, «АгромашХолдинг» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «ҚазАтомӨнеркәсіп» МАЭК, «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС және басқа да кәсіпорындарда тағылымдамадан өтті.

Оқытушылардың айтуынша, оқытудың мұндай форматы оларға жұмыс берушілердің колледж түлектеріне қоятын талаптарымен тереңірек танысуға және жұмыс берушілердің сұраныстары негізінде оқыту бағдарламалары мен әдістерін қайта қарауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, тағылымдамадан тек педагогтер ғана емес, колледж басшылары да өтті. Мұндай оқыту форматы әлі де жалғасын табады.