Get Mystery Box with random crypto!

170 МЫҢ ТҮЛЕК МЕКТЕППЕН ҚОШТАСАДЫ Бұл туралы ҚР БҒМ баспасө | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

170 МЫҢ ТҮЛЕК МЕКТЕППЕН ҚОШТАСАДЫ

Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Жыл сайын 1 қыркүйек немесе 25 мамыр қарсаңында қоғамда «Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма және бұл заң бұзушылық болып саналмай ма?» деген сұрақ туындайды. Біздің ұстанымымыз - иә, болады. Бұл жақсы дәстүр ғой», – деді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Рұқсат етілмейді:

– аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, әртістерді, мерекелік іс-шараларды өткізу үшін ақылы жеке студияларды тартуға;

– мерекелік дастархандар жаюға;

– жалға берілетін автокөліктерді тарта отырып, қала бойынша экскурсиялар өткізуге; – мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін қаражат жинауға;

– ойын-сауық мекемелерінде бітіру кештерін ұйымдастыруға.

Қазақстанның барлық мектебінде «Соңғы қоңырау» мерекесі 25 мамырда өтетінін еске сала кетейік. Ал аттестатты салтанатты түрде тапсыру рәсімі 2022 жылғы 16-17 маусымда өтеді.