Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Telegram арнасының логотипі ustazdarrkk — ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ Қ
Telegram арнасының логотипі ustazdarrkk — ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ
Арна мекенжайы: @ustazdarrkk
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.76K
Арнадан сипаттама

🔥🔥🔥ҚР білім беру саласының басты және нақты жаңалықтары!
🔥🔥🔥Главные и точные новости сферы образования РК!

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-06-09 14:30:32 Педагог-кәсіби бағдар беруші деген кім?

Өткен жарияланымдарда, біздің оқырмандарымыз осы тақырыпқа кеңірек тоқталуды сұрады. Сол себепті бүгін «Педагог-кәсіби бағдар беруші деген кім?» және ол не үшін жауап береді деген сұрақтарға жауап беретін боламыз.

Бала-бақша, мектеп, техникалық және кәсіптік, арнайы, мамандандырылған, қосымша білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтардың лауазымдары «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» туралы бұйрығымен реттелетіні баршаңызға белгілі.

Осы бұйрыққа осы жылдың 31 наурызында өзгерістер енгізілді. Оның ішіндегі жаңашылдықтардың бірі 13-параграфта баяндалған кәсіби бағдар беруші педагогтың қосылуы болды.

Бұйрыққа сәйкес, кәсіби бағдар беруші педагог:

- мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;

- оқушылардың кәсібін саналы түрде таңдауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;

- білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға Мамандық таңдау бойынша шешім қабылдауда көмек көрсетеді;

- қызығушылықтарын анықтау бойынша диагностика жүргізеді, кәсіби бағдарлы диагностиканы талдайды;

- ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі;

- кәсіпорындарда экскурсиялар өткізеді, әртүрлі мамандықтағы қызықты адамдармен оқушылар үшін кездесулер (әңгімелесулер) ұйымдастырады;

- кәсіби құзыреттілікті арттырады, заманауи әдістер мен технологияларды қолданады;

- белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;

- балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.

Бұйрықпен толығырақ танысу - https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V090005750_

Білім туралы үздік арнаға жазыл https://t.me/ustazdarrkk
1.0K views11:30
Ашу / Түсініктеме
2022-06-08 14:05:13 Біздің арнамыздың тақырыбына сәйкес келмесе де өзекті мәселелердің бірі ретінде жариялауды жөн көрдік

Ойларыңыз қандай?

https://web.facebook.com/nurbek.matzhani/posts/10209970151488553
789 views11:05
Ашу / Түсініктеме
2022-06-07 13:52:48 Мектептердің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар нысанына өтуінде қандай артықшылықтары бар?

Бүгінгі таңда барлық мемлекеттік мектептер мемлекеттік мекеме болып табылады және ол үшін қарастырылған стандарттарды - типтік штаттарды, оларды қатаң сақтауы керек.

Біртіндеп 2025 жылға дейін барлық мектептер шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылатын болады.

2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 502 бұйрыққа сәйкес орта білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастырудың екі критерийі бар, олар бір мезгілде сәйкес келуі тиіс:
1) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыратын;
2) оқушылар контингенті жобалық қуатына тең немесе одан асатын білім беру ұйымдары.

Жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізгеннен кейін мектеп ішіндегі әкімшілік шығындарда ғана әкімшілік процестерді оңтайландыру есебінен орташа есеппен қаражаттың 10-15% үнемдей алады.

Жан басына қаржыландыруды есептеу кезінде ағымдағы шығындардан басқа мектептердің материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға да, оқу шығыстарына да қаржы қаражаты көзделуі мүмкін.

Кәсіпорын нысанындағы мектептерді қаржыландыру мемлекеттік тапсырыс есебінен жүзеге асырылатын болады.

Онымен қоса ақылы негізде білім берудің мемлекеттік стандарттарының талаптарынан тыс жұмыстар, қызметтер көрсетуге құқылы болады.

Мектептерді қайта ұйымдастыру орта білім алу, тәрбиелеу және оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру үшін жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын нысанына өту келесі мәселелерді іске асыруға мүмкіндік береді:

- мектеп директорларына мектепті дамыту жоспары негізінде мектептің нақты қажеттіліктері мен міндеттеріне қарай бюджетті бөлу.

- штаттық кестені анықтау, оны қажетті мамандармен оңтайландыру және толықтыру және жалақының тиісті деңгейін белгілеу, сондай-ақ оқушылар мен мұғалімдер командасының тұрақты контингентін қалыптастыру, сапалы білім беру.

- пәндер бойынша ғылым негіздерін тереңдетіп оқыту үшін мамандарды тарту;

- білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек тұрғындар арасында спорттық жарыстар, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу және іске асыру бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

- жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымдарында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету;

- оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжірибе учаскелерінің және т. б. өнімдерін өндіруге және сатуға;

Кәсіпорын нысанына өткен жағдайда қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу және оны арттыру ақылы қызметтерден алынған қаражат есебінен жүргізілуі мүмкін, бұл мемлекеттік мекеменің нысанында жасауға мүмкін емес.

Аталмыш процесс мемлекет қаржысын үнемдеуге, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру саласында білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға ықпал ететін болады.

Білім туралы үздік арнаға жазыл https://t.me/ustazdarrkk
1.2K views10:52
Ашу / Түсініктеме
2022-06-06 17:22:58 Асхат Аймағамбетов NUR.KZ порталына үлкен сұхбат берді

Білім және ғылым министрі сынға қалай қарайтынын, мектеп бағдарламасында тағы не өзгеретіні туралы сұрақтарға жауап берді және жеке өмірі туралы кейбір мәліметтермен бөлісті.

https://www.nur.kz/society/1972707-aymagambetov-vyskazalsya-o-kritike-v-adres-mon-i-rasskazal-ob-izmeneniyah-v-shkolnoy-programme/
1.9K views14:22
Ашу / Түсініктеме
2022-06-06 13:58:20 Ауылдық мекендегі әріптестеріміздің назарына!

Елді мекенде білім беру ұйымы жұмыс жасауы үшін қанша бала болуы қажет?

6 мамырда Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды.

Ол бойынша, ауылдық елді мекенде:

1) мектепалды жасындағы балалар саны 5 және одан көп болғанда, бала-бақшаның;
2) кіші мектеп жасындағы адамдардың саны 5 және одан көп болғанда, мемлекеттік бастауыш білім беретін ұйымның;
3) кіші және орта мектеп жасындағы адамдардың саны 41 және одан көп болғанда, мемлекеттік негізгі орта білім беретін ұйымның;
4) кіші, орта және жоғары мектеп жасындағы адамдардың саны 81 және одан көп болғанда, мемлекеттік жалпы орта білім беретін ұйымның жұмыс істеуіне кепілдік беріледі.

Сонымен қатар, әрбір облыста:

1) мемлекеттік санаториялық мектеп-интернаттардың;
2) мемлекеттік арнайы білім беру ұйымдарының;
3) девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мемлекеттік білім беру ұйымының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі.

Онымен қоса, интернаттардың жұмыс жасауына қажетті нормативтер бекітілді.

Бұйрықпен толығырақ танысу - https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200027968
 
Білім туралы үздік арнаға жазыл https://t.me/ustazdarrkk
2.1K views10:58
Ашу / Түсініктеме
2022-06-04 05:55:06 Бұл постты әрбір Шымкент қаласының тұрғыны оқу керек!

1-сыныпқа
құжаттарды тапсырып болдыңыздар ма?

Бастауыш сынып мұғалімдері, жаңа оқу жылына қалай дайындаласыздар?

https://www.facebook.com/100041263040370/posts/795164398535654/
1.2K viewsedited  02:55
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 14:05:21 Мектептегі директор орынбасарлары (завуч) не үшін жауапты?

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары, олардың орынбасарлары мен педагог қызметкерлердің лауазымдарын Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі "Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" №338 бұйрығы реттейді.

Осы орайда Мектептегі басшы орынбасарларының лауазымдарын ұсынып отырмыз.

1. Ақпараттандыру жөніндегі басшының орынбасары
2. Бастауыш білім беру бойынша басшының орынбасары
3. Оқу жұмысы жөніндегі басшының орынбасары
4. Тәрбие жұмысы жөніндегі басшының орынбасары
5. Бейіндік оқыту, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі басшының орынбасары

Толық оқу үшін "Посмотреть" батырмасына басыңыз

Білім туралы үздік арнаға жазыл https://t.me/ustazdarrkk
497 views11:05
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 09:45:13 Бала-бақшалардағы әріптестеріміздің назарына, бөлісіп отырайық!

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақшаларға қойылатын талаптарды күшейту туралы бұйрықтың негізгі тармақтары жайында:

Жаңа бұйрықта мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға қойылатын талаптар күшейтіледі.
Негізгілеріне қысқаша тоқталайын.

1. Тәрбиешілер мен басқа да педагогтердің біліктілігі мен біліміне қатысты талаптар енгізілді.

2. Жұмыс істейтін тәрбиешілер бойынша үлгілік штат нормативін сақтау талабы енгізілді. Яғни, мысалы, бір мұғалім күні бойы 50 баламен жұмыс істей алатын тәжірибеден бас тарту. Саны 25 аспауы тиіс.

3. Міндетті түрде бейнекамералар орнату.

4. Балабақша ғимараттары мен үй-жайларының санитарлық нормаларға толық сәйкестігі.

5. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі.

6. Сонымен қатар білім басқармаларына мемлекеттік тапсырыс орналастырылғанға дейін балабақшалардың жұмысымен және онда жасалған жағдайлармен танысу құқығы беріледі. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында мұндай мониторинг балабақшалар қауымдастығы мен қоғам өкілдерінің қатысуымен ғана жүргізіледі.

7. Сондай-ақ білім басқармалары балабақшаларға мемлекеттік тапсырыстарды бөлу мүмкіндігінен айырылады. Енді жалпы талаптарға сай келетін балабақшалардың тізімі әзірленеді. Ал ата-аналар жасалған тізімнен балабақшаны өздері таңдай алады.

Демек мемлекеттік тапсырыс ата-аналар таңдаған балабақшаларға жіберіледі. Follow the quality. Болжам бойынша, бұл бәсекелестікті арттырып, балабақшалардың сапасын жақсартады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Жоғарыда айтылғандардан бөлек, біз төрт негізгі бағыт бойынша жұмыс істейміз.

1. Лицензиялауды қайтару.

2. Жұмыс жағдайы мен сапасы тексеріп, барлық балабақшаны аттестациядан өткізу.

3. Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін арттыру. Колледждер мен ЖОО-ларда мамандарды даярлау сапасын арттыру.

4. Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі бойынша бағдарламалардың мазмұнын жаңарту.

Білім туралы үздік арнаға жазыл https://t.me/ustazdarrkk
2.0K views06:45
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 09:00:53 https://informburo.kz/amp/stati/rotaciya-direktorov-skol-za-i-protiv

Оқырманымыз Спандияр өтініші бойынша осы мақаланы ұсынып отырмыз.

БҒМ-нің директорлар ротациясы туралы бұйрығы - https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100025128

Сіздің өңіріңізде ротация жүріп жатыр ма?
 
Білім туралы үздік арнаға жазыл https://t.me/ustazdarrkk
733 views06:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 07:56:54 Премьер-министр РК Алихан Смаилов поручил ускорить введение независимых должностей Уполномоченных по правам ребенка при акиматах регионов для обеспечения соблюдения прав детей.

https://t.me/prokadrykz
861 views04:56
Ашу / Түсініктеме