Get Mystery Box with random crypto!

Ұстаздарымыз Заң жүзінде қалай қорғалған? Соңғы уақытта әлеум | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Ұстаздарымыз Заң жүзінде қалай қорғалған?

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде педагогтердің ар-намысына тиетін жағдайлар орын алғаны есімізде. Осы орайда Заң не дейді?

Естеріңізге салайық

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409-бабына сәйкес:

Педагогке өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде былапыт сөйлеуден, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан, әбес қылықтар, белгілер, заттар көрсетілсе, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы құрметтемеушілік танытылса – жеке тұлғаларға 30 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынады. 2022 жылы бұл мөлшер - 95 400 теңгені құрайды.

Бұл әрекетті 12 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаса – ата-анаға немесе оларды алмастыратын адамдарға 20 АЕК (63 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Ал егер, айыппұл салынғаннан кейін жеке тұлға бір жыл ішінде бұл әрекетін қайталап жасаса – 40 АЕК (127 200 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынады.

Кәмелетке толмаған бала бұзушылықты қайталаса, ата-анасына – 30 АЕК (95 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Өз құқықтарыңызды біліп жүріңіз және әріптестеріңізбен бөлісіп, ұжымдық чаттарға жіберіңіз.

https://t.me/ustazdarrkk