Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Telegram арнасының логотипі ustazdarrkk — ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ Қ
Telegram арнасының логотипі ustazdarrkk — ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ
Арна мекенжайы: @ustazdarrkk
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.76K
Арнадан сипаттама

🔥🔥🔥ҚР білім беру саласының басты және нақты жаңалықтары!
🔥🔥🔥Главные и точные новости сферы образования РК!

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 113

2021-07-23 07:36:20 https://24.kz/ru/news/obrazovanie-i-nauka/item/487953-slepomu-abiturientu-popalis-voprosy-s-kartinkami-na-ent?rb_clickid=91447136-1627009918-125278564&utm_campaign=42586489&utm_content=91447136&utm_medium=cpm&utm_source=mytarget
298 viewsАнар, 04:36
Ашу / Түсініктеме
2021-07-22 13:49:40 ​ӨҢІРЛЕР ҚР БҒМ ҰСЫНЫСТАРЫНА СӘЙКЕС ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР

ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылына дайындыққа қатысты ұсыныстар әзірледі. Осыған сәйкес өңірлерде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылар мен студенттерді дәстүрлі форматта оқытуға дайындықты қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдардың білім басқармалары оқу орындарында санитарлық нормалардың сақталуына ерекше назар аударып, бақылауы қажет. Барлық мектептерде қызметкерлер мен білім алушылардың температурасын өлшеу, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, кабинеттердің ауасын зарарсыздандыру (кварцтау) және дезинфекциялау шараларын жүргізу керек. Білім беру ұйымдары дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

Жалғасып жатқан шектеу шаралары кезінде оқу орындарының сыйымдылық қуаты мен білім алушылардың санына қарай ауысым мен жұмыс режимін алдын ала анықтап, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, оқу процесін ұйымдастыру маңызды.

Әкімдіктердің білім басқармалары мен мектеп әкімшіліктері балалардың дәліздер мен буфеттерде жиналуын болдырмау үшін үзілістерді әртүрлі уақытта өткізуді ұйымдастыруы қажет. Сондай-ақ білім алушылар мен қызметкерлер арасында маска тағу режимін сақтауды қамтамасыз ету керек. Бір сынып бір кабинетте оқуы тиіс.

«Әрбір әкімдіктің білім басқармасы мен білім беру ұйымдарының пандемия кезінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар мен мектептердің жұмысын ұйымдастыруда тәжірибесі бар. Дегенмен, күндізгі оқу процесін ұйымдастыру мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Бастысы – балалардың денсаулығы. Сондықтан әр сынып басқа кабинетке ауыспай, өз кабинетінде оқиды. Оқушылар да мұғалімдер сияқты бетперде киеді. Үзілістер әртүрлі уақытта болады, қажет болған жағдайда қосымша ауысымдар енгізіледі. Кіреберісте температураны өлшейтін және дезинфекциялық құралдардың болуы міндетті. Сондай-ақ оқушылардың білім олқылықтарын толтыру бойынша педагогтердің көлемді жұмыс жүргізуі маңызды», – деді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.

Сонымен қатар, сабақ кестесі санитарлық талаптарды ескере отырып жасалуы керек. Білім беру ұйымдары бұқаралық, мәдени және спорттық іс-шараларды өткізуді шектеуі қажет. Дәстүрлі оқыту форматында мектеп формасы бұрынғыдай сақталады.

Санитарлық қызметтің талабы бойынша алдағы оқу жылында мектептерді ашу шарттарының бірі – мұғалімдер мен қызметкерлерді вакцинациялау.

Білім беру ұйымдарын дәстүрлі форматқа қайтару елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты болатынын айта кетейік. Оқыту форматы туралы шешімді коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды.

«Өткен жылы оқыту форматы эпидемиологиялық жағдайға байланысты өзгеріп отырғаны естеріңізде болар. Кейбір оқушылар қашықтан білім алды, бір бөлігі аралас форматта оқыды. Эпидемиологиялық жағдай жеңілдеп, дәстүрлі оқуға мүмкіндік болған кезде кейбір оқушылар кезекші сыныптарға барды. Яғни, елде жаппай қашықтан оқыту болған жоқ. Іс жүзінде орта есеппен 4000-ға жуық шағын ауылдардағы мектептер жыл бойы дәстүрлі форматта оқытылды. Дәстүрлі форматта оқитындардың жалпы саны кезекші сыныптарды қоса алғанда бірінші тоқсанда 1 млн бала болса, төртінші тоқсанда 2 млн балаға дейін жетті», – деді Жомарт Қарамбаев.

1 қыркүйекте 3,5 млн-нан астам бала үшін 7 475 мектеп ашу жоспарланған. Қазір мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың барысын әкімдіктердің білім басқармалары бақылайды. Барлық білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстары аяқталады, соның ішінде 263 мектеп күрделі жөндеуден өтеді.

@bilim_jane_gylym
241 viewsАнар, 10:49
Ашу / Түсініктеме
2021-07-22 08:00:12 ​ОҚУЛЫҚТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ САРАПТАУ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАР БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫНАН ӨТЕДІ

Оқулықтарды әзірлеу және сараптау жөніндегі мамандар біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. ҚР Білім және ғылым министрлігі халықаралық консорциуммен бірлесіп, мамандар үшін арнайы тренингтер ұйымдастырды. Нәтижесінде, олар оқулықтарды әзірлеу мен сараптаудың халықаралық тәжірибесімен танысады. Бұл болашақта оқулықтарды тексеру тәсілін жетілдіруге ықпал етеді.

Бүгінгі таңда Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының 40 жетекші сарапшысы курстан өтті.

«Оқулықтар оқушылар мен ата-аналардың сұраныстарына сәйкес болуы керек. Сондықтан қазақстандық оқулықтарға қатысты шағымдар санын азайту үшін жоспарлы жұмыс жүргізетін боламыз. Оқыту барысында қазақстандық және шетелдік жаттықтырушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, сарапшыларды мектеп оқулықтарын бағалау әдістемесін практикада қолдануды үйретеді. Курстар қазақстандық сарапшылардың әлеуетін арттыру мақсатында «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы аясында өткізіледі», – деп хабарлады ҚР БҒМ Білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Мәншүк Мұқаметқали.

Курстың оқу материалдары авторларға қойылатын жаңартылған талаптарды, барлық мектеп пәндері бойынша оқулықтарды бағалау әдістемесі мен критерийлерін қамтиды. Сонымен қатар, оқыту барысында басқа елдердің электрондық оқулықтарды сараптау тәжірибесі талданды.

@bilim_jane_gylym
299 viewsАнар, 05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-07-21 19:10:46 https://pedforum.kz/news/novosti-obrazovanija/1813-shkolniki-vrjad-li-sjadut-za-party-v-sentjabre-smirnova.html
336 viewsАнар, 16:10
Ашу / Түсініктеме
2021-07-21 18:03:16 Физика в таблицах. 7-11 кл
352 viewsАнар, edited  15:03
Ашу / Түсініктеме
2021-07-21 14:05:17
419 viewsАнар, 11:05
Ашу / Түсініктеме
2021-07-21 11:29:32

399 viewsАнар, 08:29
Ашу / Түсініктеме
2021-07-21 09:50:08 https://pedforum.kz/dokumenty/prikazy-mon/1810-gosudarstvennyj-obscheobjazatelnyj-standart-doshkolnogo-vospitanija-i-obuchenija-proekt-prikaza.html
400 viewsАнар, 06:50
Ашу / Түсініктеме
2021-07-20 09:01:08
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды Құрбан Айт мерекесімен құттықтады

Қасиетті Құрбан Айт мерекесі мүбәрәк болсын!

Айт мейрамы баршаңызға құт-береке, жақсылық әкелсін.
Әлемді жайлаған індет тезірек аяқталып, елімізде әрқашан бейбітшілік, ашық аспан мен тыныштық болсын!

Шаңырақтарыңыз биік және қуанышқа толы болсын!
499 viewsАнар, edited  06:01
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 19:32:45 http://uduba.com/2263891
472 viewsАнар, 16:32
Ашу / Түсініктеме