Get Mystery Box with random crypto!

ГИМНАЗИАДАДА ТОП ЖАРДЫ Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гим | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

ГИМНАЗИАДАДА ТОП ЖАРДЫ

Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиадада үздіктер қатарынан көрінді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым Министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Телеграм каналында хабарлады.

"Оқушыларымыз Дүниежүзілік гимназиадада 85 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 32 алтын, 32 күміс және 21 қола.

Еліміздің құрамасы 3-орынға тұрақтап, үздік үштікке енді. Турнир кестесінде алтын және күміс медальдар саны бойынша Қазақстан 3-орында, ал қола медаль саны бойынша 5-орында"
- деп жазды Асхат Қанатұлы.

Сонымен бірге ұлттық құраманың басшылығы қатысушыларға тағы 2 алтын медальды қайтарып беру үшін апелляция берген.

Толығырақ https://martebeli.kz/gimnaziadada-top-zhardy