Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Telegram арнасының логотипі ustazdarrkk — ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ Қ
Telegram арнасының логотипі ustazdarrkk — ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ
Арна мекенжайы: @ustazdarrkk
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.76K
Арнадан сипаттама

🔥🔥🔥ҚР білім беру саласының басты және нақты жаңалықтары!
🔥🔥🔥Главные и точные новости сферы образования РК!

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-06-20 10:12:06
Сізге қанша күндік еңбек демалысы берілді?
Anonymous Poll
82%
56 күн
8%
48 күн
4%
42 күн
4%
30 күн
2%
Өз жауабыңыз, комментарийде
413 voters820 views07:12
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 16:59:47 ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСТАРЫНА САУЫҚТЫРУ ЖӘРДЕМАҚЫСЫ ҚАЛАЙ ТӨЛЕНЕДІ?

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығарда сауықтыруға арналған жәрдемақы лауазымдық айлықақының көлемінде белгіленеді.

Кәсіподақ бұл мәселе бойынша нақты түсіндірмелерді бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жариялаған.

ҚР Еңбек кодексінің 139 б. 10 т. сәйкес, азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақысы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.

«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының 12 бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Педагогтерге ұзақтығы күнтізбелік 56 күн жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы белгіленген.

Осы тұста, лауазымдық айлықақы (ЛА) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 Қаулысының 3 т. 2) тармақшасына сәйкес, ұйымдар қызметкерлерінің ЛА атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына қарай (жұмысшылар үшін) ЛА есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық айлықақы мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

Педагогтардың жекелеген санаттары үшін ЛА бір аптаға белгіленген оқу жүктемесіне қарай айқындалады.

Осылайша, жалақының негізгі бөлігі есептеледі, оған еңбекақы жүйесінде қарастырылған үстеме мен қосымша ақылар кірмейді және де, ол қызметкердің шын мәнінде, лауазымдық айлықақысы болып табылады.

Білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларына қатысты, егер оқу жүктемесінің 0,5 көлемінен аспайтын мөлшері қоса атқару жағдайында еңбек шарты негізінде орындалса, оларға лауазымдық айлықақы көлеміндегі сауықтыру жәрдемақысы төленеді.

Айта кету керек, жалпы қағида бойынша, ҚР Еңбек кодексінің 1 б. 56) тармақшасына сәйкес, қоса атқарылатын жұмыс - қызметкердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты,ақысы төленетін басқа жұмысты орындауы.

Білім туралы үздік арнаға жазыл https://t.me/ustazdarrkk
911 views13:59
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 14:26:40 Қазақстанда қандай пәндер бойынша және қай жерде педагогтар жетіспейді?

Қазақстандық оқушыларды 338 мың пән мұғалімдері оқытады, бұл екі жыл бұрынғыдан көп, бірақ кадрлар әлі де жетіспейді.

Мектепке дейінгі және орта білім комитеті елдегі педагогтарға деген қажеттілік 3 620 адамды құрайтынын хабарлады. Қалаларда кадр тапшылығы біршама жоғары - 1896, ауылдарда 1724.

Пәндер бойынша педагогтерге қажеттілік:

орыс тілі мен әдебиеті - 844;
бастауыш сыныптар – 536;
математика - 532;
ағылшын тілі – 344;
физика – 177;
информатика-166;
химия – 154;
тарих – 126.

Әзірге тапшылық мектеп ішіндегі мұғалімдер арасындағы сағаттарды қайта бөлу есебінен жабылуда.

Мамандар жаңа нормативтік құқықтық акттер жағдайды түзетуге көмектеседі деген сенімде. Мұғалімдерді нақты біліктілік көрсеткіштеріне сәйкес конкурстық негізде алу енгізілді.

"Қолдау шараларының тиісті пакетімен, үздік педагогтарды тартудың арнайы бағдарламасын іске асыру жоспарда бар. Үздік мұғалімдер білім беру сапасына деген үлкен қажеттілгі бар алшақ аймақтарға тартылады. Мұндай педагогтарды тарту үшін өлшемшарттар әзірленетін болады. Сондай – ақ, педагогтарды басқарудың бірыңғай электрондық жүйесін құру жоспарда бар", - деп жауап берді оқу-ағарту министрігінде.

Педагогтарды қазірдің өзінде лауазымдық жалақысының 150% мөлшерінде қосымша ақымен ынталандыруда. Сонымен қатар, мектептерге тарту үшін жоғары оқу орындарының үздік түлектерін анықтау да жоспарда бар.

Мұғалім тапшы аймақтарға, қосымша ақы алып, барасыз ба? Ойларыңызбен комментарийде бөлісіңіз

 
Білім туралы үздік арнаға жазыл
https://t.me/ustazdarrkk
1.2K views11:26
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 12:37:53
Достар!

Жазғы демалысты пайдалы өткізіңіз келсе, кітап оқып, ақшалай жүлдеге ие болыңыз!
«Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи.
Ендеше, кітап оқып, интеллектіні дамытып, қаржы табайық!

Бас жүлде – 70 мың теңге!
2-орын – 60 мың теңге;
3-орын – 50 мың теңге;
4-орын – 40 мың теңге;
5-орын – 30 мың теңге;
6-орын – 20 мың теңге;
7-орын – 10 мың теңге.

Кітап оқу жарысына дәл қазір тіркелу осы сілтеме бойынша өтіңіз https://wa.me/message/YKWE2OJIZVWGE1

Тіркелу 19 маусым сағат 12.00-де аяқталады.

Іске сәт!
418 views09:37
Ашу / Түсініктеме
2022-06-13 14:32:14 Колледж педагогтерінің назарына!

Бүгін Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде қызмет ететін педагогтердің лауазымдарымен таныстырамыз.

Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы бұйрыққа сәйкес колледжде келесі лауазымдар белгіленген:

- Ұйым басшысы (директор)
- Басшының ғылыми немесе оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары
- Басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
- Басшының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
- Басшының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары
- Басшының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары
- Басшының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары
- Басшының оқу-әдістемелік бірлестігі жөніндегі орынбасары
- Әдіскер
- Бөлімше меңгерушісі
- Оқу бөлімінің меңгерушісі
- Дене шынықтыру-бұқаралық жұмыс жөніндегі нұсқаушысы (басшысы)
- Оқытушы
- Бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушысы
- Психолог, педагог-психолог
- Өндірістік оқыту аға шебері
- Оқу-өндірістік (оқу) шеберханасының меңгерушісі
- Өндірістік оқыту шебері
- Жатақхана тәрбиешісі
- Педагог-ассистент
- Әлеуметтік педагог
- Педагог-ұйымдастырушы
- Жастар ісі жөніндегі инспектор
- Оқу-әдістемелік бірлестіктің әдіскері

Қандай лауазымға жеке тоқталып, толығырақ жазу керек деп ойлайсыздар? Ойларыңызбен комментарийде бөлісіңіз.
 
Білім туралы үздік арнаға жазыл https://t.me/ustazdarrkk
1.6K viewsedited  11:32
Ашу / Түсініктеме
2022-06-12 14:17:06
В апреле у Саясата Нурбека спрашивали, взялся бы он за реформу образования. На видео его ответ.

Полный рассказ нового министра по ссылке.
415 views11:17
Ашу / Түсініктеме
2022-06-11 16:59:22
Президент Жарлығымен Оқу-ағарту министрі болып тағайындалдым.

Бұл - мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ инклюзивті білім беру мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін қамтитын үлкен сала. Осы бағыттарды одан әрі дамыту үшін алда бірқатар міндет тұр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа сенім білдіргені үшін алғыс айтамын.

Президенттің тікелей қолдауының арқасында көп жұмысты, соның ішінде педагогтердің, оқытушылардың жалақысын көтеру, саладағы ашықтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды арттыру бойынша жұмыстарды шешуге мүмкіндік болды. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасын табады.

Жұмысымызда тиімділікті, әділдікті және ашық болуды қамтамасыз ету негізгі бағыт болып қала береді.

Дегенмен қоғаммен бірлесіп шешетін күрделі мәселелер де жоқ емес. Проблемалар бар.

Біз жаңа идеялар мен конструктивті сынға ашықпыз.
407 views13:59
Ашу / Түсініктеме
2022-06-11 13:52:30 Асхат Аймағамбетов білім және ғылым саласының өкілдеріне бірлескен жұмысы үшін алғыс айтты

https://www.facebook.com/1120704037/posts/10220190474808334/?d=n



Асхат Аймагамбетов поблагодарил представителей сферы образования и науки за совместную работу

https://www.facebook.com/1120704037/posts/10220190479408449/?d=n
538 views10:52
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 13:57:00 Егер педагог 1 қыркүйектен жаңа мектепке жұмысқа шықса демалыс ұзақтығы қандай болады?

Педагог мәртебесі туралы заңға сәйкес педагогтерге ұзақтығы күнтізбелік 56 күнге ақысы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына кепілдік беріледі.

Алайда, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 92-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он екі айды құрайды және 91-бабының 1-тармақшасы негізінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде нақты жұмыс істелген уақыт ескеріледі.

Сонда, 1 қыркүйекте жұмысқа орналасқан педагог 1 маусымға дейін тек 9 ай жұмыс істесе, оның еңбек демалысы 42 күнге тең бола ма? (56 күн / 12 ай = 4,66. 9 ай*4,6=42 күн).

Жоқ, өйткені, 2021 жылдың 1 ақпанында Білім және ғылым министрлігі мен кәсіподақтар арасында Әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімге қол қойылды.

Сол келісімнің 6.9 тармағына сәйкес - Тамыздан бастап қазан айының аралығында жұмысқа қабылданған педагогтарға оқу жылының аяқталуы бойынша алғашқы жұмыс жылы үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкерлердің тиісті санаты үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген ұзақтылықта алдын ала (яғни, аванспен) беріледі.

Сол себепті, тамыз-қазан аралығында жұмысқа тұрған педагогтер оқу жылының соңында, алғашқы жұмыс жылы үшін - 56 күндік демалыс алуға құқылы.

Салалық келісім комментарийде
 
Білім туралы үздік арнаға жазыл https://t.me/ustazdarrkk
1.3K views10:57
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 11:04:20 Біздің болашақ магистранттар, кешенді тестілеуге ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУДЫ бастаймыз!

Тіркелу: 2022 жылғы маусымнан шілдеге дейін app.testcenter.kz сайтында.
Кешенді тестілеудің өзі шілде мен тамыз аралығында өткізіледі.

Тіркелу барысында Сіз тестілеудің ОРНЫН (қаланы) өзіңіз таңдайсыз.
КТ тапсыру қаласына немесе тіліне, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тобына өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда шілдеге дейін (бұл күні база жабылады) өтінішті түзетуге және өшіруге мүмкіндік беріледі.
Өтініштерді қабылдау базасы жабылғаннан кейін таңдалған дайындық бағыты, білім беру бағдарламалары тобы, тестілеу тапсыру тілі мен қаласы өзгертілмейді.
Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат шілдеде түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

2022 жылғы негізгі кешенді тестілеу туралы НЕНІ білу қажет

КТ-ға өтініш бергенге дейін түсуші білім беру салаларының, таңдалған БББТ-ның, ЖОО-дан кейінгі білім беру дайындығы бағытының сәйкестігі және КТ форматы бойынша ЖОО қабылдау комиссиясынан кеңес алуы қажет;
ЖОО-лардың виртуалды қабылдау комиссиясына сілтемелер www.testcenter.kz сайтында және біздің UTO Telegram арнамызда ұсынылған. Сілтемелер Stories-те көрсетіледі;
Білім беру грантын тағайындау бойынша конкурсқа өтініш бергенге дейін түсушіде ҰБДҚ «білім алушы» мәртебесі болмауы керек;
Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар түсушілер магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады;
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75 балды, ал бейінді магистратураға 50 балды құрайды.
Оның ішінде: шет тілі – кемінде 25 балл (ғылыми-педагогикалық), ОДАТ – кемінде 7 балл, БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен);
Күнтізбелік жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды болады.

КТ-ға қатысу құны 11 020 теңгені құрайды.
Төлем тіркелу кезінде онлайн жасалады.
Сіздерден Жеке кабинетіңіздің логин және құпия сөзін сақтау сұралады.
371 views08:04
Ашу / Түсініктеме