Get Mystery Box with random crypto!

Жыл басынан бері 9 мыңнан астам азамат қандас мәртебесін алды | Тіл кеспек жоқ

Жыл басынан бері 9 мыңнан астам азамат қандас мәртебесін алды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 тамыздағы есеп бойынша, жыл басынан 9 077 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Олардың 60,5% - еңбекке қабілетті жастағы азаматтар, 26,2% - еңбекке қабілетті жастан кіші, 13,3% - зейнеткерлер.

Қандастардың жартысынан көбі Өзбекстаннан (69,9%), Қытайдан 10,3%, Түрікменстаннан 7,1%, Моңғолияда 4,0% және басқа елдерден 8,7% қоныс аударған.

Тәуелсіздік алғалы 1 миллион 96,9 мың этникалық қазақ оралған.