Get Mystery Box with random crypto!

Солтүстік Қазақстанды Ресейге қосуға ұсыныс жасаған ерлі-зайып | Тіл кеспек жоқ

Солтүстік Қазақстанды Ресейге қосуға ұсыныс жасаған ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды

Ерлі-зайыпты «Чат Рулетка» қосымшасы арқылы Солтүстік Қазақстан облысын Ресейге қосуға үндеген. Олардың кінәсі іс материалдарымен расталғанымен, өздері кінәні мойындамаған. Мұны Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға айтқан.

Прокурор әрбір сотталушыны 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Қылмыстық кодекстің 63-бабы, 6-бөлігі бойынша экстремистік қылмыс жасаған адамға шартты жаза қолданылмайды.