Get Mystery Box with random crypto!

Қаңтар оқиғасына байланысты сотталған белсенділер Еуропа одағы | Тіл кеспек жоқ

Қаңтар оқиғасына байланысты сотталған белсенділер Еуропа одағы мен БҰҰ-дан араша сұрады

Жанмұрат Аштаев және Ләззат Досмамбетова Қаңтар оқиғасына байланысты «Жаппай тәртіпсіздік» бабымен сотталған. Азаттық мәліметінше, олар түрмеден хат жолдап, Еуропа одағының депутаттары мен БҰҰ-дан араша сұрады.

Ләззат Досмамбетова хатында «заңсыз сотталғанын, қаңтардағы жаппай наразылық кезінде конституциялық құқығын пайдаланып жұмыссыздық, жалақының аздығы, қымбатшылық сияқты әлеуметтік мәселелерді айту үшін митингіге шыққанын, қылмыс жасамағанын айтқан». Хатты оның қызы Айжан Нәдірбек Facebook желісіне жариялаған.