Get Mystery Box with random crypto!

Тіл кеспек жоқ

Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ Т
Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ
Арна мекенжайы: @tilkespekjoq
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 13

2022-07-29 09:21:56 Алматыда заңсыз салынған «Qadam» тұрғын үй кешені сүріледі

Бұған дейін Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы нысанға тексеріс жүргізді. Онда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заң бұзушылық анықталды.

Алматы әкімдігі 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы рұқсат құжаттарынсыз басталғанын айтады. Тексеру нәтижелері бойынша «Qadam ТК» ЖШС-не қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, кейіннен заңсыз салынып жатқан нысанды бұзу туралы талап арыз жазылған. Нәтижесінде заңсыз салынған Наурызбай ауданындағы «Qadam» тұрғын үй кешенін бұзу туралы талап қанағаттандырылды. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
257 views06:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 08:37:36 Ауылдық квотамен оқығандар грантты кемінде екі жыл жұмыспен өтейді

Қолданыстағы заңнама бойынша грант 3 жыл жұмыспен өтелуі тиіс. Енгізіліп отырған өзгерісте ауылдық квотамен педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқыған азаматтар грантты кемінде екі жыл жұмыспен өтейтіні айтылған.

Сонымен қатар грантты өтейтін өңірлер тізімін министрлік ұсынады. Қаулыда Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстары жазылған.
307 views05:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 08:10:38 Жамбыл облысында ҰҚК шекара қызметінің офицері қайтыс болды

27 шілдеде ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері Азат Үмбетұлы Қордай аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды.

ҰҚК ресми сайтындағы мәлімет бойынша, өлімнің алдын ала себебі миға қан кетуімен байланысты екені анықталған. Қазір аталған факті бойынша ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
280 views05:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 08:04:02 Қостанай облысында субсидия қаражатын жымқырғандар 5 жылға сотталды

Бұл жөнінде Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді. Кінәлі адамдар 6 жыл мерзімге коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық-жауапты және басшы лауазымдарды атқаруға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Оларға 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
270 views05:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 07:49:51 Әуе рейсінің кешігуіне байланысты Fly Arystan компаниясына 3 миллион теңге айыппұл салынды

5 маусымда Fly Arystan әуекомпаниясының Алматы-Шымкент бағыты бойынша КС-7105 рейсі 15 сағат 10 минутқа кешіккен. Рейс жолаушыларына ұшуды күту кезінде көрсетілетін қызметтер тиісті түрде ұсынылмаған.

28 шілдеде авиакомпанияға 1 000 АЕК (3 000 063 теңге) айыппұл салынды.
277 viewsedited  04:49
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 07:28:42
Петропавлдық «Қызыл-Жар» командасы конференция лигасының үшінші айналымына жолдама алды

Қос ойынның қорытындысы бойынша 3:2 есебімен «Қызыл-Жар» жарыстың келесі кезеңіне шықты. Осылайша, өз тарихында тұңғыш рет еурокубок турнирінде бағын сынап жатқан солтүстік команда жеке көрсеткіштерін жақсартты.

Сонымен қатар келесі кезеңге «Тобыл» командасы өтті, ал «Астана» мен «Қайрат» өтпеді.

Видео: tengrinews
274 views04:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 07:23:11 Қазақстан автокөлікпен көмір әкетуге жарты жылға тыйым салмақ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бұйрығының тиісті жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжатта ел аумағынан тас көмір; тас көмірден алынған брикеттер, шекемтастар және қатты отынның ұқсас түрлерін алты ай мерзімге автокөлікпен әкетуге тыйым салынатыны айтылған.

Бұл шара сұраныс кезінде халық арасында дүрлігуге жол бермеу үшін және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданбақ.
252 views04:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 07:11:18 Қаңтар оқиғасына байланысты 700-ден астам адам сотталды

Мұны Қазақстан бас прокуратурасы хабарлады. Тергеу нәтижесі бойынша сотқа 474 қылмыстық іс жіберілген, 717 адам тәртіпсіздікке қатысып, ұрлық, тонау, қару-жарақ сақтау мен алып жүру сияқты қылмыстар үшін сотталған. Ведомство уақытша қамау изоляторынан 512 адам босатылғанын айтты.

Ресми ақпарат бойынша, жыл басынан бері 1077 адамға қатысты негізсіз қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған. Алайда оның қаншасы Қаңтар оқиғасына байланысты екені нақтыланбаған.
280 views04:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 07:01:24 Өткен тәулікте 3095 адам коронавирус жұқтырған

Ең көп науқас Астана қаласында (918) тіркелген.
274 views04:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 16:32:46
6 жыл абақтыда отырған Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Мұны қарындасы Нағима Есентаева әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Баян Мақсатқызы бұрынғы жарына шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуына келісімін берді. Енді Есентаев 3 жыл бойы пробациялық бақылауда болады.

2016 жылы ол әйелін соққыға жыққаны үшін 9 жылға сотталған еді.

Видео: Спутник Қазақстан
185 viewsedited  13:32
Ашу / Түсініктеме