Get Mystery Box with random crypto!

Қаңтар оқиғасына байланысты 700-ден астам адам сотталды Мұны | Тіл кеспек жоқ

Қаңтар оқиғасына байланысты 700-ден астам адам сотталды

Мұны Қазақстан бас прокуратурасы хабарлады. Тергеу нәтижесі бойынша сотқа 474 қылмыстық іс жіберілген, 717 адам тәртіпсіздікке қатысып, ұрлық, тонау, қару-жарақ сақтау мен алып жүру сияқты қылмыстар үшін сотталған. Ведомство уақытша қамау изоляторынан 512 адам босатылғанын айтты.

Ресми ақпарат бойынша, жыл басынан бері 1077 адамға қатысты негізсіз қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған. Алайда оның қаншасы Қаңтар оқиғасына байланысты екені нақтыланбаған.