Get Mystery Box with random crypto!

Тіл кеспек жоқ

Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ Т
Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ
Арна мекенжайы: @tilkespekjoq
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 16

2022-07-27 15:06:10
«QULAN» коллекциялық монеталары сатылымға шықты

27 шілдеден бастап «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» монеталар сериясынан «QULAN» коллекциялық монеталары сатылымға шықты. Мұны Ұлттық банк хабарлады. Сирек кездесетін жануардың атымен 100, 200 теңгелік монеталар бар.
201 views12:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 14:27:32 Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар құны - 479,98 теңге
203 views11:27
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 14:10:52 Қырғызстанның Киевтегі елшілігі 744 қырғыз азаматының Украинадағы соғыс ошағынан шығуына көмектескен

Мұны Қырғызстан сыртқы істер министрі Жиенбек Кулубаев 27 шілдедегі баспасөз конференциясында айтты. Оның сөзінше, соғыс жүріп жатқан аймақтардан шығарылған 566 азамат Қырғызстанға оралды, қалғандары Украинаның басқа да облыстарына немесе Еуропа елдеріне кетті.

Дереккөз: azattyq
212 views11:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 13:34:22
Ақкөлдегі стадионда 2,6 млн теңгеге салынған киіну бөлмесі

Мұны «Әділдік жолы» қоғамдық қорының директоры Дидар Смағұлов өзінің Facebook парақшасында жариялады. Оның сөзінше, құжаттарға сәйкес бұл бөлме Ақкөл стадионындағы киіну бөлмесі деп аталады. Бірақ Дидар оны сарай дейді.

Құжатта киіну бөлмесі ұлдар мен қыздарға арналған екені, қымбат материал мен құрал-жабдықтармен жасалғаны көрсетілген. Алайда оның бәрі тек қағазда айтылған.

Дидар бұл ертегінің шындыққа айналатынына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі көмектеседі деп сенеді.
238 views10:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 13:13:21 Жаңа оқу жылынан бастап университет оқытушыларының жалақысы көтеріледі

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, президент тапсырмасы бойынша көтерілген грант құны оқытушылардың жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Министр жалақыны көтеруге қаражат бар екенін айтты.

- Жаңадан келген оқытушыға 1 ставка үшін - кемінде 200 мың теңге

- Профессор жалақысының минималды деңгейі – 350-400 мың теңге.
247 views10:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 12:41:41 Қазақстан 300 мың доза Pfizer вакцинасын сатып алуға өтініш берді

Мұны Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты. Оның сөзінше, қазір сатып алу бойынша компаниямен келісім жүріп жатыр. Бұл вакцина әдеттегідей жасөспірімдер, жүкті және емізулі баласы бар әйелдерге егіледі. Ал басқа санаттағы азаматтар QazVac және Sinopharm вакцинасын салдыра алады.
272 views09:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 12:03:52 Жолда самокатпен келе жатқан қыз тоқтап тұрған көліктің есігіне соғылып қайтыс болды

О
қиға Алматыдағы Марков көшесінде болған. Nissan Patrol көлігінің жүргізушісі есігін ашқан кезде, оған самокатпен келе жатқан қыз соғылған.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқиға салдарынан қыз орталық қалалық ауруханаға жеткізілген. Бірнеше сағаттан кейін алған жарақаттарынан көз жұмған.

Zakon.kz дерегінше, биыл алты ай ішінде мопед мен самокат айдаушылар арасында 77 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 81 адам зардап шекті, біреуі қайтыс болды.
300 views09:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 11:54:09 Токио Олимпиадасында тиімсіз жұмсалған қаражат бюджетке қайтарылды

Есеп комитеті Мәдениет министрлігіне қарасты Дене шынықтыру және спорт комитетіне аудит жүргізіп, заңбұзушылықтарды анықтаған. Қазіргі уақытта республикалық бюджетке 1,3 млн теңге қайтарылды.
272 views08:54
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 11:30:36 Павлодар мұнай-химия зауыты қайта іске қосылмақ

Жөндеу жұмыстары кезінде технологиялық жабдықтарды тексеру, тазалау және ауыстыру іс-шаралары атқарылған. Бұл туралы Primeminister.kz сайты жариялады.

Вице-премьер Ералы Тоғжановтың сөзінше, енді зауытта бір апта ішінде өнім шығару көлемі 1,5 мыңнан 9 мың тоннаға дейін артады. Зауыт қалыпты жұмыс режиміне оралса, еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін қажетті жанар-жағармаймен қамтамасыз етпек. Күзгі егіс жұмыстарына алдын ала дайындалуға мүмкіндік болады.

Алдағы уақытта зауытпен аутсорсингпен жұмыс істейтін компания қызметкерлерінің жалақысы көтерілетіні айтылды. Қазір онда 2 315 адам жұмыс істейтін 13 сервистік компаниямен 29 келісімшарт рәсімделген. Олардың жалақысын көтеру бойынша шарт сомасын ұлғайту үшін қолданыстағы шарттарға қосымша келісімдер әзірленіп, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясымен келісілген.
262 views08:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 11:25:21
Алматыдағы «Керемет» тұрғын үй кешенінде өрт шықты

Тұрғын үй кешенінің бірінші қабатындағы фастфуд асханасынан шатыры өртенген. Алматы Төтенше жағдайлар департаменті өрттің сөндірілгенін хабарлады.
238 views08:25
Ашу / Түсініктеме