Get Mystery Box with random crypto!

Тіл кеспек жоқ

Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ Т
Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ
Арна мекенжайы: @tilkespekjoq
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 12

2022-07-29 14:09:46 Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар құны - 477,07 теңге
196 views11:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 13:32:21 Қазақстандықтардың көлік салығына 19 миллиард теңгеден астам қарызы бар

Шілде айының аяғында көлік құралдары салығы бойынша қазақстандықтардың берешегі 19,3 млрд теңге болды. Оның ішінде берешек – 15,2 млрд теңге, өсімпұл – 4,1 млрд теңге. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

Борышкерлердің басым бөлігі Алматы облысында (79,9 мың адам, 3,2 млрд теңге), Алматыда (52,1 мың адам, 4,3 млрд теңге) және Түркістан облысында (41,6 мың адам, 91,4 млн теңге).

Дереккөз: Zakon.kz
223 views10:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 13:11:31 Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш «Кәрім Мәсімов ісі» бойынша тергелді

Самат Әбіш Мәсімов, Садықұлов, Ерғожин, Өсіпов және өзгелерге қатысты 175-баптың 1-бөлігі, 179-баптың 3-бөлігі, 218-баптың 3-бөлігі, 3-тармағы, 362-баптың 4-бөлігі 3-тармағы, 366-баптың 4-бөлігінде қарастырылған қылмыстар бойынша куәгер атанған.

ҰҚК Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс тіркелмегенін және бұлтартпас шарасы қолданылмағанын айтады.

Дереккөз: Tengrinews
218 views10:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 12:30:55 Ата-анасының қарауынсыз қалған бес жасар бала суға батып кетті

Оқиға Орал қаласындағы демалыс орындарының бірінде болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, қайғылы жағдай кезінде баланың ата-анасы жаздық кафеде отырған.

Бала үрленген балон арқылы суға түсіп жүрген. Кейін ата-анасы оның суда жоқ екенін байқаған. Іздеу жұмыстарынан соң құтқарушылар баланың денесін судан алып шыққан.

ТЖД мәліметінше, жағажайда бақылау мұнарасы болғанымен, ол жағажайды толық бақылауға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар сол күні жағада жеті құтқарушы жұмыс істегені айтылды.
214 views09:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 11:56:51 Қазақстанда пияз бағасы екі есеге қымбаттаған

Жыл басынан бері пияз бағасы 109 пайызға өскен. Бұл соңғы 4 жылдағы ең жоғары өсім. Қазір республика бойынша пияздың орташа бағасы – 191 теңге. Ең жоғары баға Алматы облысында (308 теңге) тіркелді.

Сіздерде пияз бағасы қанша теңге?
210 views08:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 11:22:06 Ақтау-Бейнеу жолындағы көлік апатында 4 адам қайтыс болды

Полиция департаментінің мәліметінше, Lada Priora көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарсы жолаққа шығып, Mercedes Benz S-320 көлігімен соқтығысқан. Жол апатынан екі жүргізуші де көз жұмды. Тағы Lada Priora көлігіндегі екі жолаушы қайтыс болды.

Сонымен қатар зардап шеккен екі жолаушы бар. Олар жақын маңдағы аудандық ауруханаға жеткізілген.
218 views08:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 11:21:09 Қазақстанда еркектер декреттік демалысқа шыға бастады

Бұл туралы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бас директоры Нұрсұлу Кемел айтты.

Оның сөзінше, былтыр 3,5 мыңға жуық еркек бір жасқа дейінгі баланы күтуге шешім қабылдап, декретке шыққан.

Бір жасқа дейінгі бала күтіміне арналған төлем ата-анасының біреуіне ғана тағайындалады.
204 views08:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 11:10:21 Биыл қолдан жасалған жалған банкноттың көбі — 2 мың теңге

Ұлттық Банк пен екінші деңгейлі банктер 408 150 теңге көлемінде 139 жалған ақшаны (136 банкнот пен 3 монета) анықтаған.

Бас банктің мәліметіне сүйенсек, бұл былтырға қарағанда 41%-ға аз, былтыр 340 жалған ақша болған.

Жалған банкноттың көп бөлігі Алматыда 68 дана, Астанада 16 дана және Шығыс Қазақстан облысында 29 дана табылған.
205 views08:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 11:04:34 Асыраушысынан айрылған отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемі 9%-ға өсті

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемелдің сөзінше, қазір елімізде 57 мыңнан астам отбасы асыраушысынан айрылғаны үшін берілетін төлемді алып отыр. Бір жылдың ішінде кемінде 7 мыңға жуық жаңа әлеуметтік төлем тағайындалады.

Былтыр асыраушысынан айрылғанда берілетін төлемге 27 млрд теңге, ал биыл 6 айда 18 млрд теңге жұмсалған.

Биыл 1 қаңтардан бастап төлем көлемі 5 пайызға артты. 1 сәуірден бастап аталған оның көлемі тағы 4 пайызға өсті. Былтырмен салыстырғанда төлем 9 пайызға артқан.
201 views08:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 10:52:48 Билік бізді билемек, құқығымызды шектемек

Қазақстан үкіметі ақпарат және қоғамды дамыту министрлігіне жаңа өкілет, оның ішінде мессенжерлер мен әлеуметтік желілердің жұмысын шектеуге де құқық беретін қаулыға қол қойды.

Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойған қаулыға сәйкес, министрліктің төмендегідей құқықтары бар:

- Ведомство онлайн-платформа (Facebook сияқты әлеуметтік желілерден) немесе хабарлама алмасу сервистерінен (WhatsApp тәрізді мессенжерлер) бір күнде кіретін қолданушылар саны туралы ақпарат сұрай алады. Компаниялар платформаға кіретін адамдар санын анықтайтын бағдарлама орнатпаса, министрлік өз күшімен сайтқа кірушілер санын анықтай алады;

- Қазақстан заңнамасына сәйкес, ел аумағында шетел онлайн-платформалары немесе мессенжерлерінің қызметін шектей алады;

- Терроризмді қаржыландырмауын қадағалау үшін коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне сараптама жүргізіп, бақылау жүргізе алады, түскен ақпаратты қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастырумен күресетін өкілетті органға тапсыра алады;

- сарапшылар тобын құрып бекітеді, сонымен бірге балалар кибербуллингісіне қатысты арыз-шағымдарды қарайды, телекоммуникация желілерінде заңның орындалуын қадағалау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен бірігіп әрекет етіп, ереже бекіте алады;

Дереккөз: Азаттық
208 views07:52
Ашу / Түсініктеме