Get Mystery Box with random crypto!

Тіл кеспек жоқ

Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ Т
Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ
Арна мекенжайы: @tilkespekjoq
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 15

2022-07-28 09:55:24 Қай қала, Анкара ма, Анталия ма, айға ма?

Қазақстан мен Түркия арасындағы рұқсат етілген рейстердің саны 2 есеге артады. Әр тарап бойынша олардың саны 40-тан 93 рейске дейін көбеймек.

Оның ішінде Астанa – Ыстамбұл бағыты бойынша рейстер саны 7-ден 14-ке дейін, Алматы – Ыстамбұл бағыты бойынша аптасына 13-тен 21-ге дейін арттыру қарастырылды. Сонымен қатар екі ел аумағындағы рейстерге арналған жаңа қалалар қосылмақ.
285 views06:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 09:24:18
Ыстықта балқып кеткен асфальтқа жауапты басшы жұмысынан босатылды

«Самара-Шымкент» тасжолында аптап ыстықта асфальт балқып, бетон плиталар көтеріліп кеткен еді. Бұған тұрғындар наразылығын айтты. Кейін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы аймақтағы филиал басшысын қызметінен босатуды тапсырған. Сондай-ақ жол сапасын тексеретін және оны қабылдайтын мекеме басшыларына сөгіс жарияланғаны айтылды.

Видео: qazaqstantv
297 viewsedited  06:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 08:53:56
Жаңбырдан кейін Ақтау көшелерін су басты. Қаладағы бір аудан тұрғындары электр жарығынсыз қалғанына шағымданып жатыр.

Видео: Tengrinews
261 views05:53
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 08:38:26 Жетім балаларға арналған мектеп-интернатының директоры бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

А.Базарханова 2013-2019 жылдар аралығында физиотерапиялық жаттығуларға бөлінген бюджет қаражатын ұрлаған. Директор сабақты іс жүзінде өткізбей-ақ сабақ бергені үшін жалақы алған. Қаржы мониторингінің ақпаратынша, ол мектеп-интернат қызметкерлеріне 6,5 миллион теңгеден астам сомаға қосымша төлемдер есептеген. Олар қолма-қол ақшамен алынғаннан кейін директордың атына аударылған. Тағы досының алдындағы жеке қарызын өтеу үшін күйеуін жалған интернатқа орналастырып, одан жалақы түрінде 729 мың теңге өндірген.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы А.Базарханованың өз кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды өтегенін, асырауында кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескере отырып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
252 views05:38
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 08:19:57 ulуsmedia.kz сайтына ddos-шабуыл жасалды

Редакцияның хабарлауынша, сайт кеше кешкі 18.00-ден кейін жұмыс істемейді, мұндай қуатты ddos-шабуыл бірінші болып тұр.

«Қазақстанның өрлеуін тоқтатқысы келетіндердің кім екенін білеміз және жуық арада осы шабуылдардың ұйымдастырушылары, әрі тапсырыс берушісі кім екенін атауға барымызды саламыз», — делінген редакция хабарламасында.

Бір апта бұрын дәл осындай шабуыл orda.kz сайтына жасалған еді.
244 views05:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 08:04:54 Украинадағы соғыста із-түссіз жоғалған жүзден астам ресейлік сарбаздың туыстары оларды тауып беру талабымен президент Владимир Путинге ашық хат жолдады

Олар Ресейдің тиісті мекемелері соғысқа кеткен туыстары туралы қарама-қарсы мәліметтер беріп жатқанын айтады: бірі туыстары тірі десе, енді бірі қаза болғанын жеткізген. Үндеуде сарбаздардың туыстары өз алдына іздеу жүргізіп, ұлы не күйеуі тұтқында не өлгені туралы мәліметті дәлелдеп жатқаны айтылған. Олардың айтуынша, бірқатар құқық қорғау органдары өз ісін нашар атқарып жатыр, әскери бөлімшелердің командирлері ешқандай жәрдем көрсетпеген. Ал ашық хатқа 106 адам қол қойған.

BBC және «Медиазона» журналистері ашық дереккөздерге сүйеніп, 2022 жылдың 22 шілдесіне дейін соғыста 4 940 орыс әскері қаза болғанын растады.

Дереккөз: azattyq
258 viewsedited  05:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 07:49:47 Назарбаев Түркиядағы демалысынан оралды

Мұны оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісінде хабарлады. Оның айтуынша, Назарбаев демалыс кезінде шетелдік шенеуніктер және бизнес өкілдерімен кездеспеген. Ол демалысты туған-туыстарының арасында өткізген.
268 views04:49
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 07:20:14 Алматыда қару-жарақ жасырылған орын табылды

ІІМ баспасөз қызметі қару-жарақтың Медеу ауданындағы саяжай алқабынан анықталғанын хабарлады. Оның ішінде 2 Макаров жүйесінің тапаншасы, тегіс ұңғылы мылтық, 512 дана әртүрлі калибрлі патрондар, оның ішінде Калашников автоматына арналған патрондар, 22 дана граната, соның ішінде әскери, сондай-ақ радиостанция тіркелді. Жасырылған орыннан тағы өсімдік тектес және ұнтақ тәрізді есірткі заттары табылған.

Ресми ақпарат бойынша, қылмыстық іс аясында сот-баллистикалық және сот-химиялық сараптамалар тағайындалды.
254 views04:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 07:14:06 Табиғатты бүлдіргендерге 189 млн теңге айыппұл салынды

Атырау облысында табиғат қорғау заңдылығының сақталуына байланысты тексеру жүргізіліп, экологиялық заңнама талаптарының бұзылуына қатысты 131 дерек анықталған. Табиғатты бүлдірген адамдарға 189 млн 813 мың теңге 449 теңгенің әкімшілік айыппұлын салу туралы 79 қаулы шығарылды. Мұны Атырау облысы бойынша Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Сырым Тілегенов айтты. Айыппұлдың 79 404 265 теңгесі (63 айыппұл) ерікті түрде өтелген.
249 views04:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 15:38:35
Ақтаудағы «ҚазАзот» зауытының шатыры опырылып түсті

Компанияның мәлімдеуінше, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

фото: tengrinews
174 views12:38
Ашу / Түсініктеме