Get Mystery Box with random crypto!

Алматыда заңсыз салынған «Qadam» тұрғын үй кешені сүріледі Бұ | Тіл кеспек жоқ

Алматыда заңсыз салынған «Qadam» тұрғын үй кешені сүріледі

Бұған дейін Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы нысанға тексеріс жүргізді. Онда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заң бұзушылық анықталды.

Алматы әкімдігі 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы рұқсат құжаттарынсыз басталғанын айтады. Тексеру нәтижелері бойынша «Qadam ТК» ЖШС-не қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, кейіннен заңсыз салынып жатқан нысанды бұзу туралы талап арыз жазылған. Нәтижесінде заңсыз салынған Наурызбай ауданындағы «Qadam» тұрғын үй кешенін бұзу туралы талап қанағаттандырылды. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.