Get Mystery Box with random crypto!

Тіл кеспек жоқ

Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ Т
Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ
Арна мекенжайы: @tilkespekjoq
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 11

2022-08-01 08:36:55 Ақтөбе облысындағы жол апатынан алты адам қаза тапты

Жол апаты Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңындағы Самара – Шымкент тас жолында болған. Полиция департаментінің мәліметінше, Honda Fit маркалы көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып Lada Largus көлігімен соқтығысқан. Салдарынан оқиға орнында Lada жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы, сондай-ақ Honda көлігінің бір жолаушысы қайтыс болды.

Honda жүргізушісі мен көліктегі тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатымен Ырғыз ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілген. Іс бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
315 views05:36
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 08:04:06 Ұлттық ұланның екі қызметкері өз-өзіне қол жұмсады

29 шілде күні сағат 21:00 шамасында автопарк бойынша тәуліктік кезекшілікте тұрған қатардағы жауынгер Н.А. Оразбай кезекшіден сыртқа сұранып кеткен. Біршама уақыттан кейін басқа сарбаз автопарк маңындағы қоймада Н.А.Оразбайдың асылып тұрғанын көреді. Әскери қызметшіні Степногорск Орталық қалалық ауруханасына жеткізген. Онда дәрігерлер сарбаздың қайтыс болғанын растайды.

Ақтау қаласында аға сержант А. С. Мерғалиевтің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат түскен.
Жұбайы күйеуін үйінің дәретханасынан асылып тұрған күйінде тауып алған. Қазір аталған фактілер бойынша тергеу жұмыстары басталды.
334 views05:04
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 07:58:04 Әскерде қаза тапқан Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты екі әскери шенді қызметінен босатылды

Одан бөлек, әскери бөлімнің тағы 3 лауазымды тұлғасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Еске салсақ, 22 сәуірде Жамбыл облысында 18 жастағы жауынгер Әлібек Қалбай қаза тапты. Оның әскерге алынғанына бар жоғы төрт күн болған.
318 viewsedited  04:58
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 07:50:46 Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебіне бюджеттен 78 млрд ₸ жұмсалмақ

ҚазТАГ хабарлауынша, бұл екеуіне 5 жылға бюджеттен 78 млрд теңгеден аса қаржыландыру бөлінеді.

Назарбаев университетінің шығыны:
2021 жылы — 7 021 994;
2022 жылы — 2 154 979;
2023 жылы — 2 381 208;
2024 жылы — 3 113 581;
2025 жылы — 2 892 350 ₸

Назарбаев зияткерлік мектебіне:
2021 жылы — 21 895 054;
2022 жылы — 12 433 496;
2023 жылы — 8 387 892;
2024 жылы — 1 8 614 600;
2025 жылы — 9 157 410 ₸
311 views04:50
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 07:38:06 Қазақстандық бишілер АҚШ-та өткен әлем чемпионатында бас жүлдені жеңіп алды

Sensitive би ансамблі құлағы естімейтін бишілерден құралған. Олар Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласынан барған. Дүниежүзілік чемпионатқа әлемнің 72 елінің 3000-нан астам конкурсант қатысты. Отандық бал биі театрының қатысушылары финалда жақсы өнер көрсетіп, гран-при жеңіп алды.
309 views04:38
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 07:27:49 2050 жылға қарай Қазақстанда халық саны 27 млн адамнан асуы мүмкін

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының болжамынша, 2030 жылға қарай халық саны
20,8 – 21,5 млн адам болады.

Өңір бойынша, Алматы тұрғындарының саны 2 млн 466 мыңға дейін, Астанада 1,7 млн, Шымкент қаласында 1,5 млн дейін жетеді.

Дереккөз: sputnikKZ
305 views04:27
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 07:18:56 Жетісу облысында 15 жастағы қызды зорлап өлтірген

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті оқушыны алдымен зорлап, артынша қылмысын жасыру үшін өлтірген. Кейін ауылдың шетіне апарып, көміп тастаған. Ол мұндай әрекетке қылмысын жасыру үшін барғанын айтқан. Қазір жасөспірім қыздың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Азаттық ақпаратынша, 15 жастағы мектеп оқушысы 21 шілдеде құрбысына кетіп, үйіне оралмаған. Қыздың денесі бір апта іздестіруден соң ауыл маңынан табылған. Күдіктінің ұйғыр, жәбірленушінің қазақ екені айтылады. Осы оқиғадан соң ауылға арнайы жасақ тартылып, қауіпсіздік шарасы күшейтілген.

Күдікті ретінде 38 жастағы ауыл тұрғыны Рустам Ахметов ұсталған. «Время» басылымының мәліметінше, қыздың телефонына күдіктінің хабарласқаны туралы дәлел табылған. Кейін ол кінәсін мойындаған.
363 views04:18
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 07:04:52 Атырау облысында аудан әкімі суға батып кетті

Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш Жайық өзеніне батып кетті. Оқиға орнына департаменттің жедел құтқару жасағынан 3 сүңгуір іздеу жұмысына кіріскен. ҚазАқпарат дерегінше, әзірге суға кеткен әкімнің денесі табылмады.
355 views04:04
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 06:58:47 Өткен тәулікте 2414 адам коронавирус жұқтырған

Ең көп науқас Астана қаласында (947) тіркелген.
342 views03:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 15:54:57 UPD. «Қайрат» ФК маркетинг бөлімінің басшысы Абылайхан Әділханов жүргізуші Әділет Бисариевтің жұмыстан босатылуына қатысты пікір білдірді

Бұл жөнінде Vesti.kz шығарды. Оның айтуынша, Әділетпен жұмыс алдағы екі матчқа тоқтатылған. Шеттету туралы алдын-ала ескертпегені үшін кешірім сұрайтынын айтқан. Ол Әділет Бисариевті ешкім жұмыстан шығармаған дейді.

«Іс жүзінде біз Әділетті жұмыстан шығара алмаймыз, өйткені ол ресми түрде «Қайрат» футбол клубының қызметкері емес. Оның клубпен жұмысы жалдау бойынша жүзеге асады»

Сонымен қатар «Қайрат» футбол клубы мен клуб серіктестерінің ана тілді құрметтемеу туралы айтып жатқан пікірлерге де жауап берді. Оның айтуынша, «Қайрат» - Қазақстанды халықаралық аренада танытатын клуб, олар елді, рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтейтінін атап өтті. Абылайханның сөзінше, футбол клубына Әділетпен бірлескен жұмыс нәтижесі ең жоғары деңгейде болуы маңызды болған.
549 viewsedited  12:54
Ашу / Түсініктеме