Get Mystery Box with random crypto!

Ауылдық квотамен оқығандар грантты кемінде екі жыл жұмыспен өт | Тіл кеспек жоқ

Ауылдық квотамен оқығандар грантты кемінде екі жыл жұмыспен өтейді

Қолданыстағы заңнама бойынша грант 3 жыл жұмыспен өтелуі тиіс. Енгізіліп отырған өзгерісте ауылдық квотамен педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқыған азаматтар грантты кемінде екі жыл жұмыспен өтейтіні айтылған.

Сонымен қатар грантты өтейтін өңірлер тізімін министрлік ұсынады. Қаулыда Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстары жазылған.