Get Mystery Box with random crypto!

Тіл кеспек жоқ

Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ Т
Telegram арнасының логотипі tilkespekjoq — Тіл кеспек жоқ
Арна мекенжайы: @tilkespekjoq
Санаттар: Жануарлар , Автомобильдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.66K
Арнадан сипаттама

Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 14

2022-07-28 15:55:40
«Бишарашки» фильмі – қала мен ауыл туралы таптаурындарды өршіктіретін, әйелдердің рөлін кемсітетін фильмдерді қашанға дейін түсіре бермекпіз?

Бұл фильмді біріңіз көрген, біріңіз көрсем бе деп жүрген шығарсыз. Ал біздің редакция фильмге барып, бағасын беріп келді.

СІЛТЕМЕ

Айтпақшы, келесіде қай фильм туралы жазайық?
248 viewsedited  12:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 15:32:29 Солтүстік Қазақстан облысында қаржы пирамидасы анықталды

Бұл жөнінде Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады. HERMES LTD қаржы пирамидасы 2019-2022 жылдар аралығында халықтың қаражатын тарта отырып құрылған. Компания қызметі – қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту болған.

Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде үш адам танылған. Олар жалпы сомасы 4 миллион теңгеге жуық шығынға ұшыраған. Қазір қаржы пирамидасына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
211 viewsedited  12:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 14:49:34 Алматыда мектеп формасы қою көк түсті болады

Бұл жөнінде қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты. Ата-аналар мектеп формасын өз қалауы бойынша таңдай алады. Сонымен қатар оқушыларға классикалық туфли кию міндеттелмейді. Ләззат Жылқыбаеваның сөзінше, бала өзіне ыңғайлы аяқ киімді киюіне болады.
230 views11:49
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 14:08:48 Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар құны - 478,86 теңге
238 views11:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 12:50:38
Абаев, мұнда «Базз Лайтерден» де маңызды мәселе бар

«Қайрат» футбол клубының жүргізушісі Әділет Бисариев қазақ тілінде хабар таратқаны үшін командадағы жұмысынан босатылған. Мұны ол Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Жұмыстан босатылуына футбол клубының демеушісі 1Xbet букмекер компаниясының шағымы себеп болған. Мұны жүргізушіге «Қайраттың» бас директоры Асқар Есімов айтқан. Әділеттің сөзінше, шағымда «одиниксбет» сөзінің орнына «уаниксбет» қолданғаны да айтылған.

Ол 1Xbet өкілдерімен де сөйлескен. Компания қызметкері «Ты ведешь на тойском», «Что такое Әп бәрекелді?» деп айтқан. Әділет бұл жағдайды қазақ тіліне қыспақ дейді.

Сонымен қатар жүргізуші жұмыс кезіндегі қазақ тіліне қатысты мәселелердің бар екенін айтты. Әділет іс-шараларда қазақша сценарий мүлдем алмағанын, ойындарда қазақша әндер қосылмайтынын айтады. Әділеттің сөзінше, «Қайрат» командасы өзін халық командасы деп таныстырғанымен, қазақ тілін менсінбейді.
1.2K viewsedited  09:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 12:11:20 Қырғызстанда бір күнде үш рет жер сілкінді

Мұны сейсмология институты хабарлады. Ақпаратқа бойынша, сейсенбі күні таңертеңгі сағат 6:41-де Ош облысында 2,5 балдық жер сілкінісі болған. Дүмпудің эпицентрі Кара-Суу ауданының Лангар ауылы деп айтылды.

Сол күні сағат 15:52-де Жалалабад облысында да жер тербелісі байқалды. Бұл жолы эпицентрде жер сілкінісінің күші 4,5 балға жеткен. Ол Акси ауданы мен Кербен мен Таш-Комур қалаларында сезілді.

Сейсенбі күні сағат 20:54-те Нарын облысында үш балдық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы осы облыста орналасқан. Зардап шеккендер жайлы ақпарат әзірге жоқ.
267 views09:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 11:51:25 20 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны есірткі зертханасын ашқан

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, тінту кезінде өсімдік тектес зат салынған 8 полимер түйіншек табылған.

Кейін тұрғылықты мекенжайынан 52 түйіншек пен сұйықтық құйылған екі ыдыс анықталған. Күдіктінің үйінен респираторлар, грамдық таразылар, өлшеуіш колбалар мен синтетикалық есірткіні дайындауға арналған басқа да құрылғылар тәркіленді.

Жігіт есірткіні жеке пайдалану үшін сақтағанын айтқан. Қазір синтетикалық есірткіні өндіру және өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.
273 views08:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 11:20:33 Қазақстанға көшіп келушілер көбейіп, кетушілер азайған

Биыл елімізге 4,1 мың адам келді, былтырғыдан 2 есе көп.

5,3 мың адам көшіп кетті, былтырға қарағанда 4,3%-ға аз. Ресми статистика бойынша, Қазақстаннан көшкендер саны үшінші жыл қатарынан азайып жатыр.

Қай өңірде келушілер мен кетушілер көп?

Өңірлер арасында азаматтардың басым бөлігі Қарағанды (681 адам), Қостанай (645 адам) және Павлодар (643 адам) облыстарынан кеткен.

Маңғыстау (1,3 мың адам), Алматы облыстары (401 адам) мен Алматы (595 адам) қаласына көшіп келуішілер көп.

Ал ең аз көші-қон Қызылорда облысында. Мұнда бір адам кетсе, бір адам көшіп келген.

Қазақстандықтар қай елдерге көшіп жатыр?

Биыл 3 айда басым бөлігі Ресейге кеткен: 4,1 мың адам, былтырғыдан 7%-ға аз. Эмиграцияға танымал 5 елге Германия (617 адам), Польша (125 адам), АҚШ (89 адам) және Беларусь (57 адам) кіреді.

Қай елден иммигранттар көп?

Қазақстанда Өзбекстаннан 2000-нан астам иммигрант келген, былтырғыдан 4 есе көп. Одан бөлек Ресейден 810 адам, Түркіменстаннан 218 адам, Қырғызстаннан 164 адам және Қытайдан 125 адам келген.

Дереккөз: ranking.kz
323 views08:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 11:02:15
Емаа!
Қазақша сленгтер мен «базар жоқ» эмоциялық сөздер


Бізде жаңа айдар — #tkj_qaz. Қазақ тілін үйренемін деушілерге апта сайын жаңа сөздер жариялап отырамыз. Бұл жолы ауызекі тілде жиі қолданылатын сөздерді жинадық.

А у нас новая рубрика для тех, кто изучает казахский язык. Сегодня собрали для вас часто употребляемые разговорные выражения.

СІЛТЕМЕ
306 views08:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 10:27:32 Қытайдың Ухань қаласында бір миллионға жуық адам карантинге жабылды

Оған 4 тұрғыннан коронавирус табылғаны себеп болған. Билік Цзянся ауданының халқына үш күн бойы үйлерінен немесе ауласынан ұзап шықпауы керек екенін ескертті.
287 views07:27
Ашу / Түсініктеме