Get Mystery Box with random crypto!

Ата-анасының қарауынсыз қалған бес жасар бала суға батып кетті | Тіл кеспек жоқ

Ата-анасының қарауынсыз қалған бес жасар бала суға батып кетті

Оқиға Орал қаласындағы демалыс орындарының бірінде болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, қайғылы жағдай кезінде баланың ата-анасы жаздық кафеде отырған.

Бала үрленген балон арқылы суға түсіп жүрген. Кейін ата-анасы оның суда жоқ екенін байқаған. Іздеу жұмыстарынан соң құтқарушылар баланың денесін судан алып шыққан.

ТЖД мәліметінше, жағажайда бақылау мұнарасы болғанымен, ол жағажайды толық бақылауға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар сол күні жағада жеті құтқарушы жұмыс істегені айтылды.