Get Mystery Box with random crypto!

Билік бізді билемек, құқығымызды шектемек Қазақстан үкіметі а | Тіл кеспек жоқ

Билік бізді билемек, құқығымызды шектемек

Қазақстан үкіметі ақпарат және қоғамды дамыту министрлігіне жаңа өкілет, оның ішінде мессенжерлер мен әлеуметтік желілердің жұмысын шектеуге де құқық беретін қаулыға қол қойды.

Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойған қаулыға сәйкес, министрліктің төмендегідей құқықтары бар:

- Ведомство онлайн-платформа (Facebook сияқты әлеуметтік желілерден) немесе хабарлама алмасу сервистерінен (WhatsApp тәрізді мессенжерлер) бір күнде кіретін қолданушылар саны туралы ақпарат сұрай алады. Компаниялар платформаға кіретін адамдар санын анықтайтын бағдарлама орнатпаса, министрлік өз күшімен сайтқа кірушілер санын анықтай алады;

- Қазақстан заңнамасына сәйкес, ел аумағында шетел онлайн-платформалары немесе мессенжерлерінің қызметін шектей алады;

- Терроризмді қаржыландырмауын қадағалау үшін коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне сараптама жүргізіп, бақылау жүргізе алады, түскен ақпаратты қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастырумен күресетін өкілетті органға тапсыра алады;

- сарапшылар тобын құрып бекітеді, сонымен бірге балалар кибербуллингісіне қатысты арыз-шағымдарды қарайды, телекоммуникация желілерінде заңның орындалуын қадағалау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен бірігіп әрекет етіп, ереже бекіте алады;

Дереккөз: Азаттық