Get Mystery Box with random crypto!

Асыраушысынан айрылған отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемі | Тіл кеспек жоқ

Асыраушысынан айрылған отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемі 9%-ға өсті

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемелдің сөзінше, қазір елімізде 57 мыңнан астам отбасы асыраушысынан айрылғаны үшін берілетін төлемді алып отыр. Бір жылдың ішінде кемінде 7 мыңға жуық жаңа әлеуметтік төлем тағайындалады.

Былтыр асыраушысынан айрылғанда берілетін төлемге 27 млрд теңге, ал биыл 6 айда 18 млрд теңге жұмсалған.

Биыл 1 қаңтардан бастап төлем көлемі 5 пайызға артты. 1 сәуірден бастап аталған оның көлемі тағы 4 пайызға өсті. Былтырмен салыстырғанда төлем 9 пайызға артқан.