Get Mystery Box with random crypto!

Жетісу облысында 15 жастағы қызды зорлап өлтірген Жетісу облы | Тіл кеспек жоқ

Жетісу облысында 15 жастағы қызды зорлап өлтірген

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті оқушыны алдымен зорлап, артынша қылмысын жасыру үшін өлтірген. Кейін ауылдың шетіне апарып, көміп тастаған. Ол мұндай әрекетке қылмысын жасыру үшін барғанын айтқан. Қазір жасөспірім қыздың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Азаттық ақпаратынша, 15 жастағы мектеп оқушысы 21 шілдеде құрбысына кетіп, үйіне оралмаған. Қыздың денесі бір апта іздестіруден соң ауыл маңынан табылған. Күдіктінің ұйғыр, жәбірленушінің қазақ екені айтылады. Осы оқиғадан соң ауылға арнайы жасақ тартылып, қауіпсіздік шарасы күшейтілген.

Күдікті ретінде 38 жастағы ауыл тұрғыны Рустам Ахметов ұсталған. «Время» басылымының мәліметінше, қыздың телефонына күдіктінің хабарласқаны туралы дәлел табылған. Кейін ол кінәсін мойындаған.