Get Mystery Box with random crypto!

UPD. «Қайрат» ФК маркетинг бөлімінің басшысы Абылайхан Әділхан | Тіл кеспек жоқ

UPD. «Қайрат» ФК маркетинг бөлімінің басшысы Абылайхан Әділханов жүргізуші Әділет Бисариевтің жұмыстан босатылуына қатысты пікір білдірді

Бұл жөнінде Vesti.kz шығарды. Оның айтуынша, Әділетпен жұмыс алдағы екі матчқа тоқтатылған. Шеттету туралы алдын-ала ескертпегені үшін кешірім сұрайтынын айтқан. Ол Әділет Бисариевті ешкім жұмыстан шығармаған дейді.

«Іс жүзінде біз Әділетті жұмыстан шығара алмаймыз, өйткені ол ресми түрде «Қайрат» футбол клубының қызметкері емес. Оның клубпен жұмысы жалдау бойынша жүзеге асады»

Сонымен қатар «Қайрат» футбол клубы мен клуб серіктестерінің ана тілді құрметтемеу туралы айтып жатқан пікірлерге де жауап берді. Оның айтуынша, «Қайрат» - Қазақстанды халықаралық аренада танытатын клуб, олар елді, рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтейтінін атап өтті. Абылайханның сөзінше, футбол клубына Әділетпен бірлескен жұмыс нәтижесі ең жоғары деңгейде болуы маңызды болған.