Get Mystery Box with random crypto!

Ақтөбе облысындағы жол апатынан алты адам қаза тапты Жол апат | Тіл кеспек жоқ

Ақтөбе облысындағы жол апатынан алты адам қаза тапты

Жол апаты Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңындағы Самара – Шымкент тас жолында болған. Полиция департаментінің мәліметінше, Honda Fit маркалы көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып Lada Largus көлігімен соқтығысқан. Салдарынан оқиға орнында Lada жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы, сондай-ақ Honda көлігінің бір жолаушысы қайтыс болды.

Honda жүргізушісі мен көліктегі тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатымен Ырғыз ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілген. Іс бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.