Get Mystery Box with random crypto!

Қорғаныс министрлігінің ұшақтары Чех Республикасында модерниза | Тіл кеспек жоқ

Қорғаныс министрлігінің ұшақтары Чех Республикасында модернизация мен күрделі жөндеуден өтті

Жаңартудан өткен ұшақ L-39 деп аталады, ол курсанттарды ұшудың алғашқы техникасына үйретуге арналған. Ұшақтар мемлекеттік қорғаныс тапсырысының шарты аясында өндіруші зауытқа жөндеуге жіберілген. Олардың жаңа цифрлық және катапульттік жүйесі, объективті бақылауы, байланыс құралдары жаңарған.

Қазір жаңғыртылған ұшу аппараттарында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының үшінші курс курсанттары тәжірибеден өтіп жатыр.