Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Варшава WTA-250 турнирінде | Тіл кеспек жоқ

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Варшава WTA-250 турнирінде жеңіске жетті

olympic.kz мәліметінше, финалда қазақстандық спортшы германиялық Анна-Лена Фридзаммен дуэтте болды. Олар жергілікті теннисші Катажина Кава және Алисия Росольскаямен сынға түсті.

Анна Данилина үшінші рет жұптық сында WTA жарысының чемпионы атанды. 2022 жыл басында Анна Беатрис-Хаддад Маямен бірге Сиднейдегі (WTA 500) турнирінде жеңіске қол жеткізген, ал өткен жылы Қазақстанның бірінші ракеткасы жұптық сында Гданьск қаласында (Польша) өзінің WTA 250 сериясындағы алғашқы олжасын жеңіп алған.