Get Mystery Box with random crypto!

Қыркүйекте адам құқығын қорғау туралы білім беретін платформа | Тіл кеспек жоқ

Қыркүйекте адам құқығын қорғау туралы білім беретін платформа пайда болады

Жобаның негізгі мақсаты – құқық қорғау органдарының азаптау немесе өзге де заңсыз әрекеттерімен күресу.

Бағдарлама екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлім полиция қызметкерлеріне бағытталса, келесі бөлімі азапталған адамдарға арналған.

Сонымен қатар, мұнда тегін заңгер көмегі мен шұғыл психологиялық көмек көрсетуге жүгінсе болады.

«Бейне сабақтар топтамасы, құқықтарды қорғау бойынша нұсқаулықтар, құқықтық құжаттардың үлгілері (арыздар, шағымдар) көпшілік назарына ұсынылады. Жоба аясында қоғамда кеңінен ақпараттық науқан жүргізілмек. Осылайша, біз жауапты мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың назарын Қазақстандағы азаптау фактілеріне аударуды жоспарлап отырмыз», – дейді жоба үйлестірушісі Мирхат Серікбаев.

Дереккөз: inbusiness.kz