Get Mystery Box with random crypto!

Сен де енді ақын болып жүре бермей біруақ адам бол. Қазақ поэз | tesik qaıyq

Сен де енді ақын болып жүре бермей біруақ адам бол. Қазақ поэзиясының саған өкпесі жоқ шығар, өлеңді қоя тұр да өміріңді ойла. Жан-жағыңа қарашы, қаншама қыздар жүр. Шеттерінен әдемі, сүйкімді, ақылды, білімді. Солардың ішінен маған ұқсайтын біреуін тауып ал да, үйлен. Бөпелерің болады. Содан кейін бала туралы, отбасы туралы, сүйген жар туралы, отан туралы жаз. Тақырып аяң да кеңитін еді. Мен түгілі өлеңді де ойлауға шамаң келмейтін кездер болар еді, үйленсең. Ал сенің жүрісің мынау. «О, менің жүрегім, жүрегім...» дейсің де жүресің. Сенің жүрегің ауырмағанда, менің жүрегім ауыра ма?
Жүрегің ештеңе емес, арақты қоймасаң бауырың ауырады, сыраны қоймасаң бүйрегің ауырады, темекіні қоймасаң өкпең шіриді. Содан кейін... Жаман айтпай жақсы жоқ. Қой, айналайын. Бәрін де қой.
Саған баяғыда айттым, домбыра үйреніп алсаңшы деп. Бүйтіп өлең жазып жүре бергенше, жұрттар құсап айтысқа қатыс дедім. Айтысқа қатыссаң ғой жағдайыңды түзеп алар едің. Орын алмаған айтыскерлер де 100 мың теңгеден, 200 мың теңгеден алып қайтады екен. Орын алсаң тіпті жақсы. Машина ұтып алсаң тіпті керемет емес пе? Жұрттың балаларынан сенің бір жерің кем бе? Олар мінген машинаны сен мінсең, дөңгелегі түсіп қалар деймісің. Білем, осы жолдарды оқып отырып, баяғы қырсық мінезіңе салып, көше онсызда пропка деп отырған шығарсың. Айтыскер болмасаң да бет ашып жүрер едің ғой. Тойларға барған сайын, беташарға мың теңге, екі мың теңге салған сайын, сен есіме түсесің. Құдай-ау, ойламаймын деп отырып, есіме түсесің дегенім не тағы? Иә, кей-кейде есіме түсесің. Айтыскерлердің сенен бір жері артық деймісің. Сенің айтқан өлеңіңді айтады да соң жағын әрәйдім, дәрәйдім, дәрәйдім, дәй дей салады болды. Жәрайды қойшы, саған ақыл айтамын деп қолым да талып кетті. Бұның барлығы өзіңнің проблемаң. Менің ештеңем кетпейді.
Сөздің соңында айтарым, қолыңнан келеді ғой, бірді-екілі хит болатын әндерге сөз жазшы. Абысындармен отыра қалып әңгіме айтқанда, мақтана қояйын деп, маған баяғыда ақын жігіт ғашық болған десем, «қойшы, қай әндердің сөзін жазған?»- деп сұрайды.
Ал, сау бол, саған жыным келіп отырғанын да жаным ашып отырғанын да білмеймін. Айтпақшы, «сағынып сен де мені жүр ме екенсің?» дегеніңе айтарым. Сағынбаймын. Бірақ, кейде сенің тістеп сүйетінің есіме түсіп кете береді. Ернім ісіп кетуші еді ғой, жындыбас.
P.S. Хатты оқыған ақын жігіт жауап жазбаққа ниетті көрінеді...

Авторы Бейбіт Сарыбай.