Get Mystery Box with random crypto!

Алғаш Алматыға келгенімде тым кішкентай болатынмын. Сәл демалы | tesik qaıyq

Алғаш Алматыға келгенімде тым кішкентай болатынмын. Сәл демалыс болса болды, үйдегілер осында қыдыруға алып келетін.
Әлі есімде, 128 деген автобус қаланың кез келген жеріне барады деп ойлайтынмын. Сол кездегі "гармошка" автобус пен троллейбустар тәтті естелік болып жадымда қалыпты.

Медеуге шыққанда әпкем екеуміз теппешектерді жарыса санайтынбыз. Неге екені белгісіз, менікі оныкінен кем боп шығатын

Одан студент болдық, құдайдың қалауымен тағы осында келдік. Армандаған мамандығыма оқуға түстім, сенесіз бе, авиация саласына! Рас, ұшқыш болуды қатты қаладым. Оқуға әпкем ертіп әкелген болатын. Алғаш оқуға барған күн де есімде. Әпкеммен автобуста келе жатырмыз, ол алдыңғы жақта мен артқы жақта отырмын. Бір кезде жаныма біреу келіп отырды. Киіміне қарап бізде оқитын шығар деп тұспалдадым да, әлгімен танысыпақ болып әңгімеге тарттым.
- Салам, Академияда оқисың ба?
- Иә. Сен ше?
- "Ой, мен де" деп балаша қуанып қалдым.
- Қай курссың өзі?
- 1 курс, енді түстім - дедім.
Ол болса мырс етіп күлді де:
- "Мен екінші курспын. Хана сендерге, асылып қал" - деді де тұрып кетті. Сөйтсек Академияға келіп қалған екенбіз. Мен шокпын. Дөңгеленіп кеткен көздерімді әпкем көрді де:
"- Әй, не болды саған, жүр түсеміз" деді.
Автобустан түсе сала қалтамдағы бар ақшаны, телефонымды әпкеме ұстаттым да:
"- Бәрі жақсы, тек маған көп ақша керек емес сияқты" дедім де, аудиториямды іздеп, әпкеммен сауболдасып кіріп кеттім.
Айтпақшы, мен 1 апта бойына басқа группамен оқығанмын. Қай группада оқитының жазылған анықтамада дәл менің атым жазылған жерден бөлініп қалған екен, солай шатастырып алғаным бар

Жә, тақырыптан ауытқып кеттім. Жалпы Алматымен естелік өте көп. Жақын достарымның бәрі осы жақтан. Жұмысым да осы қалада. Алматы сондай "родной" мен үшін.

Бірақ соңғы кездері өз қазанымда емес секілді сезініп жүрмін. Қала мені тұншықтырып жатқандай. Бір күнім, бір күніме ұқсас болып кетті. Тіпті 4 жыл болды, қызбен де жүрмеймін.
Қыздар жоқ деуден аулақпын, тек маған ұнаған жандарға мен ұнамайтын сияқтымын ба
Рас, соңғы кездері бұл қаланы басқаша сезініп жүрмін.

Әңгіменің тоқ етері, мен басқа қалаға кететін сияқтымын. Былай қарасаң ұстап тұрған ештеңе жоқ, әлі жаспыз. Мүмкін жаңа жылға дейін, мүмкін кейін. Әлі ойлану үстіндемін. Бәрін басынан бастағым келеді. Жалпы мүмкін болса бір-екі жылда Қазақстаннан кету де ойымда бар. Бірақ енді бұл кейінгі ой, қиындау. Үйдегілер де оңай жібермес. Соол, осы ойыммен бөліскім келіп кетті. Қызық болмаса айып етпеңдер, ойымда не бар, соны жаза салдым

P.S Астана суық па?)
P.S.S Әлі нақты емес, ойланам