Get Mystery Box with random crypto!

Теңгелік депозиттерге мемлекеттен 10% өтемақы кімге беріледі? | Tenge Online

Теңгелік депозиттерге мемлекеттен 10% өтемақы кімге беріледі? Kaspi.kz жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.

1) Мемлекет өтемақы төлеудің шарттары қандай?
Мемлекеттен өтемақы алудың міндетті шарты – салымды 2023 жылғы 24 ақпанға дейін сақтау.

2) Мен қанша өтемақы аламын?
Мемлекеттен алатын өтемақының мөлшері 10%. Өтемақы сомасы 2022 жылғы 24 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанға дейін (қоса алғанда) 12 айдың ішінде депозиттегі ең аз сомаға есептеледі.
Мысал:
2022 жылғы 23 ақпанда Kaspi Депозиттегі сома - 500 000 теңге.
2022 жылғы 1 наурызда сіз одан Kaspi Gold-қа 300 000 теңге аудардыңыз. Депозиттегі қалдық – 200 000 теңге.
Содан кейін сіз тек депозитке ақша салып отырдыңыз, 24.02.2023ж. депозиттегі сома 1 000 000 теңгені құрады.
2022 жылғы 24 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанға дейінгі (қоса алғанда) кезеңде ең аз сома 200 000 теңге болды. Сізге осы соманың 10%– 20 000 теңге өтеледі.

3) Өтемақыны қашан аламын?
Өтемақы сомасы 2023 жылғы 24 ақпанда есептеледі.
Төлем 2023 жылғы наурыз айында түседі.