Get Mystery Box with random crypto!

Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттері үшін маңызды ақпарат Банк ВТБ | Tenge Online

Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттері үшін маңызды ақпарат

Банк ВТБ (Қазақстан) қазіргі уақытта өтімділік пен капиталдың жоғары деңгейін сақтай отырып, қаржылық қызметтердің негізгі түрлерін ұсынуды жалғастыруда.

Қабылданған шектеулер клиенттердің қаражаттарының сақталуына және қол жетімділігіне әсер етпейді.

Барлық шоттар белсенді және клиенттердің қаражаттары Банк бөлімшелерінде де, қашықтан басқару арналарында да қол жетімді. Оларды Қазақстан аумағында ұлттық валютамен барлық операцияларды жүргізу үшін бұрынғысынша толық көлемде пайдалануға болады. Банк клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін орындайды. Қолма-қол ақшаны елдің бүкіл аумағындағы ВТБ кез келген банкоматынан және серіктес банктерден алуға болады.

Қазір шетелде жүрген клиенттерге қолма-қол ақша алу немесе басқа банктің карталарымен төлеу ұсынылады.

Заңды тұлғаларға!
Банк ВТБ (Қазақстан) қызмет алу кезінде АҚШ долларымен және еуромен кез келген операциялар мен есеп айырысуларды жүргізуден уақытша тоқтатуды ұсынды.

Мәлімдеме Банк ВТБ Қазақстан сайтында жарияланды. Айта кетейік, бұл банк те кеше АҚШ санкциясына ілінген. СберБанк те кеше осындай мәлімдеме таратты.