Get Mystery Box with random crypto!

Апта басынан бері Ұлттық Банк 176 млн долларға интервенциялар | Tenge Online

Апта басынан бері Ұлттық Банк 176 млн долларға интервенциялар жүргізді

Ұлттық банк 21 ақпаннан 25 ақпанға дейін валюта нарығында жалпы сомасы 176 млн АҚШ долларына интервенциялар жүргізілгенін хабарлады.

«Қазіргі жағдайда жүргізіліп отырған саясаттың транспаренттілік деңгейі мен нарықтың сенімін сақтау үшін валюталық операциялардың жедел статистикасы жарияланды. Мәселен, 2022 жылғы 25 ақпан, 12:00 сағатына аптаның басынан бері жүргізілген валюталық интервенция көлемі 176 млн АҚШ доллары, оның ішінде 24 ақпанда – 138 млн АҚШ доллары болды. Бұл сыртқы күтпеген өзгерістің Қазақстан нарығына ауысуын реттеуге мүмкіндік береді», – деп хабарлады Ұлттық Банктің баспасөз қызметі.

@Tengeonline