Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан қор биржасы валюталық сауданы толық тоқтата тұру тур | Tenge Online

Қазақстан қор биржасы валюталық сауданы толық тоқтата тұру туралы мәселе көтеруі мүмкін
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттері доллар мен еуро сатуды тоқтатты, Алматыда да дәл осындай жағдай қалыптасты. Kurs.kz сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, Нұр-Сұлтан мен Алматының ақша айырбастау пункттері доллар мен еуро сатуды тоқтатты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұған дейін 27 ақпан күндіз елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 466 теңгеден, ал еуро 517 теңгеден сатылған. Алайда кешке қарай АҚШ валютасының саудасы тоқтады. 28 ақпан таңнан бері мүлде доллар сатқан жоқ.

Ұлттық Банк «Қазақстан қор биржасы» бірлесе отырып теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық ережелерін өзгерту туралы шешім қабылдады.

28 ақпанда сауда Франкфурт аукционы форматы бойынша сағат 15:00-де ашылады немесе биржалық сауда уақытша тоқтауы мүмкін. https://7kun.kz/qazaqstan-qor-birzhasy-valiutalyq-saudany-tolyq-toqtata-turu-turaly-masele-koterui-mumkin/