Get Mystery Box with random crypto!

Ресейдің SWIFT-тен ажыратылуы Қазақстанға қалай әсер етуі мүмк | Tenge Online

Ресейдің SWIFT-тен ажыратылуы Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?

Экономист-сарапшы Қасымхан Қаппаровтың сөзінше, Ресейдің SWIFT-тен ажыратылуы және Ресейдің валюталық резервтерінің тоқтатылуына байланысты валюта нарықтарында жоғары құбылмалылық болжанып отыр.

Ресей рублінің құнсыздануынан кейін теңге де құлдырайды. Валютаға сұраныстың жоғары болуы доллардың өсуіне әкеледі. Бұл ретте долларды сатып алу үшін рубльді теңгеге айырбастайтын ресейлік банктердің долларға сұранысының өсуіне байланысты жағдай күрделене түсуі мүмкін", - дейді Қасымхан Қаппаров.

Ұлттық банк нарыққа интервенция жүргізетінін мәлімдеді. Бірақ экономистің айтуынша, валюталық резервтің көлемі шектеулі.

"Ұлттық банк теңгенің құлдырауын тежемей, валюта нарығындағы құбылмалылықты тежеуге тырысуы мүмкін. Одан бөлек, Ұлттық банктің алдында елемізде жұмыс істеп тұрған ресейлік еншілес банктер Сбербанк, ВТБ және Альфа банктің жұмысын тұрақтандыру міндеті тұр", - дейді ол.

Қасымхан Қаппаров доллар курсының өсуі импорт тауарларына бағаның өсуіне әсер ететінін алға тартады.

"Автокөлік, электроника, құрылыс заттары қымбаттайды. Үкімет халықтың табыс деңгейін төмендетуге әкеліп соғатын инфляциямен күрес бойынша жоспар құруы қажет", - дейді маман.

Ал экономист Мақсат Халықтың айтуынша, SWIFT жүйесінен гөрі Ресей рубліне қатты әсерін тигізіп жатқан - Ресей Орталық банкі активтерінің сырттан бұғатталуы.

"Өйткені Ресей сол ақшалары арқылы интервенция жасап, рубльге құн беріп тұрған еді. Қазір ондай мүмкіндіктен айырылды",
- дейді Мақсат Халық.

kaz.nur.kz