Get Mystery Box with random crypto!

SWIFT дегеніміз не? | Tenge Online

SWIFT дегеніміз не? SWIFT – банкаралық төлемдер жасаудың халықаралық жүйесі. Ол дүниежүзілік банкаралық қаржылық телекоммуникация қоғамының (Society for Worldwide Interbank Financial Telecommunication) құрметіне аталған. Жүйе 1973 жылы құрылған. Кеңсесі Бельгияда орналасқан. Халықаралық банк жүйелерінің ішінде SWIFT - ең сұранысқа ие жүйе. SWIFT бірнеше секунд ішінде халықаралық аударымдарды жасауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, SWIFT жүйесін дүние жүзінде 11 мыңға жуық ұйым, соның ішінде қаржылық емес ұйымдар пайдаланады. ТАСС агенттігінің мәліметінше, жүйе арқылы жылына 5 миллиардтан астам хабарлама өтеді. kaz.nur.kz