Get Mystery Box with random crypto!

Tengri Bank-тің экс басшылары 5,4 млрд теңгені ұрлады деп күд | Tenge Online

Tengri Bank-тің экс басшылары 5,4 млрд теңгені ұрлады деп күдіктелуде

9 қараша күні Tengri Bank төрағасының экс-орынбасары Бахтияр Ильясов, Алматы филалы директорының орынбасары Асет Жадыков қамауға алынған болатын. Олар 5,4 млрд теңге ұрлады деген күдікке ілініп, соталды тергеу жүріп жатыр.

Олармен бірге қарасты компанияның басшысы Назгүл Жилкибаева ұсталғаны белгілі болды. Ол жалған құжаттармен $3 млн қайтарымсыз кредит алған.

Айта кетейік, аталған банктің ірі акционері үндістандық Punjab National Bank, басқарма төрағасы Паван Сингх та сол елдің азаматы. Қаржы қымқыру ісінде оның аты аталмайды.

Tengri Bank бүгінде тарату кезеңінде. 17 қыркүйекте Tengri Bank лицензиясынан айырылып, 18 қыркүйекте банктік операциялар тоқтаған еді.

#қаржыжаңалықтары
#банкжаңалықтары
#Qaznews
#қазақстандықбанктер
#TengriBank
#экономикалыққылмыс

@Tengeonline