Get Mystery Box with random crypto!

Kaspi.kz технологиялық компаниясы әуе билетін іздеу және саты | Tenge Online

Kaspi.kz технологиялық компаниясы әуе билетін іздеу және сатып алуға арналған Kaspi Travel жаңа онлайн қызметін іске қосты.

Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе бұл туралы былай деді:

 «Kaspi Travel – Kaspi.kz-тің жаңа қызметі, оның көмегімен сүйікті клиенттеріміз әуе билеттерін жеңіл және қарапайым түрде әуе компанияларының бағасымен сатып алады. Қазіргі кезде жолсапарлардың негізгі бөлігін Қазақстанның ішкі рейстері құрайды. Біз пандемия жақында аяқталып, бәріміз қалыпты өмірге ораламыз және жолсапарларға қалағанымызша шығамыз деп үміттенеміз. Біз өз тарапымыздан Kaspi Travel-дің мүмкіндігін тұрақты түрде ұлғайтып, сүйікті клиенттерімізді жолсапар мен саяхаттың айналасындағы жаңа, ыңғайлы қызметтермен қуантуға уәде береміз!».

Қазірдің өзінде Kaspi Travel-ге Қазақстан мен әлем бойынша рейстерге тиімді шарттар ұсынатын 700-ден астам әуе компаниясы топтасқан. Әуе билеттерін кредитке сатып алуға, Kaspi Gold пен Kaspi Бонус арқылы және толық немесе бөліп төлеуге болады.

Айта кетейік, биылғы жазда
Kaspi.kz – әуе билеттерін іздеу, брондау мен сатып алуға арналған қазақстандық жетекші онлайн платформа Santufei компаниясын сатып алған еді.

https://7kun.kz/kaspi-travel-kaspi-kz-ten-aue-biletin-satyp-aluga-arnalgan-zhana-onlain-qyzmet/