Get Mystery Box with random crypto!

Банкир Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды Бүгін Алмалы аудандық | Tenge Online

Банкир Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды

Бүгін Алмалы аудандық соты «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесінің экс-төрағасы Жомарт Ертаевты милиардтаған қаржы жымқырғаны үшін айыпты деп танып, 11 жылға соттау туралы үкім шығарды.

Дүние-мүлкін тәркілеп, коммерциялық, қаржы саласы мен материалдық жауапкершілік қызметте 10 жыл жұмыс істеуге тиым салды.

Экс-банкир жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа деңгейлі мекемесінде өтейді.
Қылмыстық іс 700 томнан, 46 эпизодтан тұрады. Бастапқы кезде қылмыстық іске қатысы бар 54 адам күдікке ілінген, оның 40-ы банктің топ-менеджерлері мен қызметкерлері. Алайда сотқа 37 адам келіп, оның біреуі кейін қайтыс болды. Бүгін сот залында отырған 35 адам кінәлі деп табылды, алайда кейбірі қылмыстың мерзімі өткендіктен сот залынан босатылды.

Ертаев өз кінәсін толық мойындады.
Тергеу кезінде 15 млрд теңге қайтарылып, 48 млрд теңгенің мүлкіне бұғат салынған.

@Tengeonline