Get Mystery Box with random crypto!

KPMG деген компания бар. BIG 4 деген әлемдегі ең үздік аудитор | СтудХакер🌍

KPMG деген компания бар. BIG 4 деген әлемдегі ең үздік аудиторлық компаниялар қатарына кіреді.

Кеше Америкалық офисының директоры болған, KPMG-ды әлемге танытуға үлкен үлес қосқан - Юджин О'Келли деген қызметкері туралы мәліметті оқып қалдым. Сол Юджинның кітабында мына бір сөздерді келтірген еді.

"KPMG-ды Азия, Аустралия нарығына шығару үшін - Аустралия мемлекетіндегі бір компаниямен келіссөз жүргізу керек болдық. Бірақ, ана компания бізге мүмкіндік бермеді, олардан жиі отказ алдық. Солай, мен бірнеше мың шақырым жол жүріп, Аустралияға бардым. Қызығы, бармас бұрын сол компанияның басшысы өзге мемлекетке кететінін естідім.

Мен сол мәліметті пайдаланып, біршама жолын қарастырып, самолетте сол адамның дәл қасынан орын алдым. Солай 6 сағаттық аспанда ұшқан мезетте - ол адаммен танысып, оған ниетімді білдіргенде, ол менің қаншама ситуациялардан өтіп келгенімді, результатқа жетуге деген ұмтылысымды байқап, бізбен миллиардаған ақшаға келісімге отырды".

деп Юджин О'Келли өмірінің бір оқиғасын айтып жеткізді. Вроде бы қарапайым оқиға. Но, бұл нәрсе біздің қарапайым өмірімізде жиі кездесіп жатады. Мен ешқандай мораль, түсіндірме жазғым келмейді. Бір ғана нәрсе бар:

Тәуекел ету + тырысу + амалдарын қарастыру = сен қалаған нәрсеге жету. Жеңіл болады, өзімен өзі болады деп өзіңді аяу - ақымақтық әрі фантастика!