Get Mystery Box with random crypto!

СтудХакер🌍

Telegram арнасының логотипі studhacker1 — СтудХакер🌍 С
Telegram арнасының логотипі studhacker1 — СтудХакер🌍
Арна мекенжайы: @studhacker1
Санаттар: Психология , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Адамдардың айтуынша жақсы нәрселер жазамын🤔 Тіркеліп, тексеріп көр)

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2021-10-05 20:54:56
296 views17:54
Ашу / Түсініктеме
2021-10-05 20:53:04
261 views17:53
Ашу / Түсініктеме
2021-10-05 20:51:25 https://15minute.online/kk/ осы сайтты 0-ден бастап өзім жасап шыққан едім.

Енді мынаны қараңыз. Жоғарыдағы жазуды жеке каналымда 7 ай бұрын жазған едім.

7 ай бұрын менің үлкен платформа құрудағы білімім нөлге тең еді…
273 viewsedited  17:51
Ашу / Түсініктеме
2021-10-05 20:50:56
267 views17:50
Ашу / Түсініктеме
2021-10-04 22:46:49 Хабарландыру

15minute.online платформасында қазір кәсіби маманмен сөйлесу 780 тгден 1500+ теңгеге, яғни 2-2,5 есе қымбаттады.

Бірақ, төмендегі сілтеме арқылы кез келген адаммен сөйлесуге 100% купон алып, тегін сөйлесе аласыз

Еске саламын, 15 минут платформасында:

өз салаң бойынша топ адаммен сөйлесуге болады

үлкен компанияға жұмысқа қалай тұруға болатындығы туралы ақпарат алуға болады

мамандық, бағыт, жұмыс таңдау бойынша кеңес алуға болады

Платформа қазақ және орыс тілінде қызмет көрсете алады

Как раз, инста/ватсапп істемей тұрғанда платформамен танысып, бір адамға тіркел)

Саған уәде берем, ментормен 15 минут сөйлесу, сен күтпеген энергия сыйлайды

15 минут - мақсатыңа бір қадам жақында

Купон алу үшін:
@yoshi15minute_bot

Платформаға кіру үшін:
https://15minute.online
88 views19:46
Ашу / Түсініктеме
2021-10-04 21:40:10 Аудиочатты тексеріп, бір сөйлесіп көретін сәт келген сияқты

Қосылыңдар)
281 views18:40
Ашу / Түсініктеме
2021-10-04 21:33:47 Қазір әлемде қызық боп жатқан секілді)

1) Фейсбукты бұзған Қытай үкіметі қаржыландыратын XIAN HUGHJANUS атты хакерлік топ болып шықты.

2) Даркнетте Фейсбуктың 1,5 млрд қолданушысының ақпараттары сатылымға шығыпты…

Ол дегеніміз біздің нөмерлер, аты-жөніміз, мекен жайымыз..

Туындайтын бірнеше логикалық сұрақ:

1) Фейсбукты бұзу арқылы Қытай үкіметі нені көздеді?

2) 1,5 млрд адамның ақпаратын қандай мақсатта қолданулары мүмкін?

3) Әлемдік интернеттің қауіпсіздігіне нұқсан келуі, бізге қандай минустар алып келуі мүмкін?
722 views18:33
Ашу / Түсініктеме
2021-10-04 21:12:17 Инстаграмның, Whatsapp-тың істемей қалғанына байланысты бір оқиға болсын

Черное Зеркало деген сериал бар. Адамдардың өміріне әлеуметтік желілердің қалай кіріп кеткенін ерекше форматта көрсететін, ғылыми-фантастикалық негіздегі сериал.

Сондағы бір серия туралы айтып берейін.

Крис есімді жігіт таксист болып жұмыс жасайды. Бірақ, ол всегда бір ғана жердегі адамдарды тасиды. Құдды бір сол жерде істейтін адамды аңдып жүргендей болатын.

Ол компания Осколки деп аталатын әлемдегі ең ірі әлеуметтік желіні басқаратын компания еді.

Сөйтіп, Крис бір күні сол жерден кезекті бір адамды алғанда, оны алып қашады…

Ол клиенттің есімі Осколки компаниясында жұмыс жасайтын Джейден еді. Крис Джейденді Осколки компаниясында істейтін маңызды қызметкер деп алып қашқан болатын.

Неге Крис ол компания адамдарын ғана тасыды? Неге ол Осколки компаниясының қызметкерін алып қашты?

Оның мәні мынада. Осыдан 2 жыл бұрын Крис әйелімен өзге қаладан қайтып келе жатады. Крис көлікті айдап бара жатқанында, оған әлеуметтік желіден хат келіп, ол хатқа жауап беріп жатқанда….

Машина өзге машинамен соғысып, оның ең сүйікті, ең жақыны, жұбайы қайтыс болады…

Крис сол күннен бастап өзін кінәлай бастайды, сол күннен бастап ол барлық әлеуметтік желілерден бас тартады..

Енді жаңағы алып қашуға оралайық. Крис Осколки компаниясының генеральный директорымен сөйлесу үшін сол компания қызметкерін ұрлап қашқан еді..

Солай, оған басында ұзақ уақыт генеральный директормен сөйлесуге мүмкіндік бермейді. Бірақ, Осколки компаниясының басшысы Билли қызметкерінің ұрланғанын естіп, Криске өзі хабарласады.

Телефонда Крис: “Билли, мен ең жақын адамымнан айырылдым, мен кінәлімін, мен сол кезде телефонға қарамауым керек еді” деп көзіне жас алады.

Крис Биллиды айыптау үшін хабарласқан жоқ. Оның мақсаты бөлек еді..

Солай, Билли: “Крис, кешір мені, мен әлемдегі ең үлкен әлеуметтік желіні адамдарды бақытсыз қылу үшін жасамадым, мен өкінемін, мен бұл нәрсені қаламадым, мен жасаған нәрсе зияндық әкелетінін білмедім” деп өз өкінішін білдірді.

Ары қарай не болғанын, Кристың звандағандағы мақсаты не болғанын сол серияны көріп, сезінсеңіздер дұрыс болар деген мақсатта мұнда жазбадым.

Енді қорытынды. Шыны керек, әлеуметтік желілер қарапайым инструмент болып көрінгенмен, қазір бізді басқаратын, қазір біздің болмысымызды көрсететін айнаға айналып кетті.

Бірақ, Крис секілді соңында жылап қалмас үшін, әлеуметтік желіні орнымен қолданып үйренейік.

Есте сақтау маңызды. Әр нәрсенің өз орны, өз мақсаты болады…
364 viewsedited  18:12
Ашу / Түсініктеме