Get Mystery Box with random crypto!

Стартап платформа жасап жүргенімізді, осында бірнеше мәрте жаз | СтудХакер🌍

Стартап платформа жасап жүргенімізді, осында бірнеше мәрте жазған едім.

15 минут деген платформа - кез келген жас маманға
- қай компанияда жұмыс, қандай екені туралы
- жұмысқа кіру үшін не істеу керек туралы
- жұмыс сферасын, жұмыс бағытын анықтау мақсатында

менторлық форматта жұмыс жасайды. Яғни, сіз платформаға кіріп, кез келген кәсіби маманмен сөйлесе аласыз. Қазіргі жұмыс бойынша бірнеше факт келтіре кетейін:

1. Платформаға 70-ке жуық ментор қосылды
2. Kaspi, Kolesa, Samruk-Kazyna, KPMG, PwC - секілді 50-ден астам топ компаниялар бар
3. АҚШ, Венгрия, Италия, Қытай, Корея, Франция секілді 10-нан астам мемлекеттегі қазақ жастарын қамтыдық
4. Назарбаев, КИМЭП, КБТУ, СДУ-мен қатар, әлемдік Иллинойс, Пенсильвания, КАУСТ, Гарвард университеттері базамызға қосылуда
5. Қаржы, аудит, IT саладан бөлек, 30-дан астам сфера адамдарымен сөйлесуге мүмкіндік бар.

Үлкен масштабтағы, сондай-ақ әрбір жастың өмірлік бағытын анықтауға арналған продукт жасап жатқанымызға сенемін. Бізбен бірге болыңыздар!