Get Mystery Box with random crypto!

Дұрыс сұрақ - дұрыс жауап Менің Асхат деген менторым болған е | СтудХакер🌍

Дұрыс сұрақ - дұрыс жауап

Менің Асхат деген менторым болған еді бір жыл бұрын. Сол кезде ол кісінің қадірін қатты түсінбеппін. Бірақ кейіндеу ментордың маңыздылығын түсінгендей болдым. Енді қалай екенін айтып берейін.

Меніңше, ментордың басты функциясы - саған бар білетінін үйрету емес. Ментор деген - сен ұзаақ ізденетін, ұзаақ жететін жауабыңа, қысқа жету жолдарын көрсететін адам.

Мысалы, қазіргі платформаны жасау барысында 20-дан астам сервисты орнатып, әр сервистің бізге сәйкес келетінін не келмейтінін іздендік. Ұзақ ізденіп, 1 ай өткеннен кейін бір сервисты тауып, соған тоқталдық. Но, егер бұл нәрсені жасап қойған, немесе білетін адаммен мен 5 минут болсын сөйлескенімде, мүмкін 1 ай емес, 1 күнде сол нәрсені табар ма едім?

Асхат деген кісі маған сондай көмек көрсететін. Кейде тіпті гуглға қалай жазатыныңды білмейтін кездер болады, сол кезде Асхаттан сұрап, ары қарай өзім іздеп көретінмін.

Бұл жерде маңызды нәрсе. Ментордың білімді болғаны маңызды емес, маңыздысы сенің ментордан не сұрағың келетінінде. Сұрақ дұрыс болса - дұрыс жауап болады.

Қазіргі 15 МИНУТ деген платформамыздың бір құндылығы сонда. 100-ге жуық ментормен өз салалары бойынша сөйлесуге болады. Елестетші, Kaspi, Ұлттық банк, Халык банк, Сбербанк, Самруе Казына компанияларында істейтін адамдермен сөйлесіп, ақыл кеңес сұрай аласың. Мықты мүмкіндік емес па?

Құдай қаласа, өзім де сервисті жақсарту мақсатында, + менторлармен сөйлесіп, сұрақтарыма жауап іздеу мақсатында апта сайын 5 ментормен сөйлесетін боламын.

Айтпақшы, небәрі 1,5 күннен кейін платформаны ресми қолдануға болады