Get Mystery Box with random crypto!

БАҚ беттерінде Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерді өлтіріп ке | Жаңалықтар - Stan.kz

БАҚ беттерінде Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерді өлтіріп кеткені туралы ақпарат пайда болды. Фактіні жергілікті тұрғындар растады.

Жергілікті чаттарда Ақсай қаласының тұрғыны болған кәсіпкерді өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарауда. Хабарламада зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті өз үйінен табылғаны айтылған. 1958 жылы туған ер адам – дүкен иесі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме бермейтінін, прокуратураның мақұлдауын күтетінін хабарлады. Бақылау органы дүйсенбі күні ғана түсініктеме береміз деп жауап берді.

t.me/stankznews