Get Mystery Box with random crypto!

Сөз:

Telegram арнасының логотипі qazsoz — Сөз: С
Telegram арнасының логотипі qazsoz — Сөз:
Арна мекенжайы: @qazsoz
Санаттар: Тілдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.07K
Арнадан сипаттама

Қазақтың ұмыт болған, сирек қолданылатын яки көпшілікке беймәлім сөздерді жариялап отыратын телеграм арнасы. Сұрақ не ұсыныс бойынша маған, яғни @ileezyy-ге жазуға мархабат.
Insta: https://instagram.com/qazsoz_
Фото суреттер Unsplash сайтынан алынған.

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2022-02-02 07:00:34 100% қазақтілді қоғамда өмір сүргім келеді: туыстарыммен, достарыммен, жақындарыммен қазақша сөйлесу; жұмыста қазақ тілін қолдану; қазақ тілінде қызмет алу; қазақ тілінде ақпарат, білім алу; шетел фильм, сериалдарын қазақ тілінде көру. Бұл - орыс тілін, орыстарды жеккөру емес.

Өзім қазақ болғандықтан, Қазақстанда тұрғандықтан өзімнің толыққанды қазақ екенімді сезінгім келеді. Қазір өкінішке қарай олай емес. Тәуелсіздік алғалы бүкіл өмірім өтсе де жағдай әлі де мінсіздіктен алыс. Осы себепті қоғамға, қазақтарға деген реніш, күйініш бар. Тілді жай ғана құрал ретінде көреді. Жылатарлық жайт қой бұл... Тіл - адамның болмысы, намысы, рухы, мінезі, тарихы. Қазір енді болмысыма жат ортада өмір сүруге тура келеді. Мүгедек кісі балдақ қолдануы керек сияқты мен де тіршілік етуім үшін орыс тілін қолдануға мәжбүрмін...
249 views04:00
Ашу / Түсініктеме
2022-01-31 18:12:25
wordle деген не ойын өзі?

сайтты ашқанда 5 әріптен тұратын бір сөз жасырылады. оны табу үшін бгс орынға 5 әріптен тұратын кез келген сөз жазасыз да, енгізу батырмасын басасыз.

енгізген сөзіңіздегі кейбір әріптер басында жасырылған сөзде бар болса, олар жасыл я сарыға боялып тұрады.

жасылға боялған әріп жасырылған сөзде тура сол позицияда тұр, яғни оны дұрыс таптыңыз дегенді білдіреді, сарыға боялған әріп жасырылған сөзде бар, бірақ позициясы қате, ал сұрға боялған әріп жасырылған сөзде жоқ.

осылай 6 рет (6 мүмкіндік) әртүрлі сөз жаза аласыз, ақыры жасырылғанды табуыңыз керек.

ойын сөздік қорыңызды ақтарып, миыңызды жаттықтырғанға жақсы. сөзді тапсаңыз, осында бөлісе отыруды ұмытпаңыз!

ОЙНАЙЫҚ АЛ
152 views15:12
Ашу / Түсініктеме
2022-01-27 15:59:25 Сөзділ шыққанына бір апта болды. Аздап статистикасын айта салайын. Бір апта ішінде:

Бірегей(уникальный) қолданушы саны 6500
Күнде кіріп отыратын қолданушы саны 618
Қазақстаннан кірген қолданушы саны 5741
АҚШ-тан 433
Ресейден 67
Алманиядан 62
Британиядан 62

Қала бойынша бөліп қарасақ:
Almaty 2031
Astana 940
Shymkent 797
Atyrau 422
Aktobe 387
Clarksville 319
Karagandy 202
Ақтөбеден кейін Кларксвиль тұрғаны қалай кетті

Платформа бойынша бөліп қарасақ:
iOS 3262 (тең жартысы)
Android 2724 (қырық пайызы)
Windows 335
Mac 189
Linux 59
207 views12:59
Ашу / Түсініктеме
2022-01-23 06:52:19 Сөзділ 23 5/6







wordle.kz
172 views03:52
Ашу / Түсініктеме
2022-01-21 11:10:36
Қазақша wordle!

Туиттерде отыратындар болса, осындай жасыл түсті шаршылар көбейіп кеткенін байқаған болар. Бұл қазір әлемді жаулап тұрған wordle ойыны. Күніне бір сөз ғана табу керек, бірақ оны тапқанша біраз бас қатырып, бүкіл сөз байлығыңды ақтарып шығасың.

Соның қазақша нұсқасын сөз жобасының авторы @ileezyy жасап қойды. Сайтта авторлар ішінде мен де бармын, бірақ оған сенбеңіз, мен жай ғана жоба менеджері ұқсап, "че там" деумен болдым. Бүкіл жұмысты жасаған Ілияс.

Ағылшынша wordle қазір туиттерде мықты тренд боп тұр. Біз қазақша "сөзділ" ойнап, нәтижемен инстаграм сториде бөлісуді трендке айналдырайық.

wordle.kz

Айтпақшы, сосын. Көп адам ойын шартын оқымай бірден иксты баса салады екен да, ойынды түсінбедім деп көзі бақырайып тұрады. Сайтқа кірген бетте ойын шарты шығады, соны оқып алыңыз, қиын ештеңесі жоқ, сосын барып иксті баса беруге болады
147 views08:10
Ашу / Түсініктеме
2022-01-15 17:15:40 Қаза тапқан, жапа шеккен полиция саны: жарияланды

Бүлінген мемлекеттік нысандар есебі: жарияланды

Бизнес шеккен шығын мөлшері: жарияланды

Ұсталған «террористер» саны: жарияланды

Жазықсыз оққа ұшқан адамдар саны: жарияланбады

Қанша күн өтсе де, оқиғаның негізгі құрбандары — жазықсыз өлген адамдар саны жарияланбады.

Ендігі есептеліп қойған жоғарыдағы шығындар маңызды емес демеймін, бірақ енді мемлекеттің басты байлығы халық демей-ақ қойыңдаршы, ок?
156 views14:15
Ашу / Түсініктеме
2022-01-14 17:06:29
Конаев vs Назарбаев

30 лет капитализма и "свободы" от экономического прогресса? Данные взяты из официальных источников казстата. Комитет по статистике МНЭ РК stat.gov.kz
135 views14:06
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 20:23:02
Тоқаевтың жолдауы 25% ғана қазақша

Дереккөз: жолдау мәтіні

@QazaqshaJaz
137 views17:23
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 08:02:16 Ізсіз кеткендерді іздейтін мындай сайт ашылды: https://izsizqantar.com/

Бұл өте маңызды бастама. Барынша таратуларыңды сұраймын. Адамдардың жақындары тезірек аман-сау табылуына тілектеспін!

Ізсіз Қаңтар 2022 шерулер кезінде жоғалған, жарақаттанған, өмірден өткен адамдар туралы ақпаратты жинауда.

Жиналатын ақпарат қаңтар айының басында орын алған шерулерге ғана қатысты.

Жағдай туралы ақпаратты мұқият жинақтау мен көрсету мақсатында, біз жеке деректерді жинаймыз. Ақпаратты үшінші тұлғалармен бөліспейміз.
Біз жинайтын деректерге шеру құрбаны болған адамдардың аты-жөні, туған күні, облысы, статусы, жоғалу, жарақаттану не өлім күні, әрі ақпарат берушінің аты-жөні мен байланысы жиналады. Сонымен қатар, ақпарат берушінің қалауы бойынша шеру құрбаны болған адамның мамандығы, жоғалу туралы оқиғасы, әрі суреті жиналу мүмкін.
137 views05:02
Ашу / Түсініктеме