Get Mystery Box with random crypto!

Сөз:

Telegram арнасының логотипі qazsoz — Сөз: С
Telegram арнасының логотипі qazsoz — Сөз:
Арна мекенжайы: @qazsoz
Санаттар: Тілдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.07K
Арнадан сипаттама

Қазақтың ұмыт болған, сирек қолданылатын яки көпшілікке беймәлім сөздерді жариялап отыратын телеграм арнасы. Сұрақ не ұсыныс бойынша маған, яғни @ileezyy-ге жазуға мархабат.
Insta: https://instagram.com/qazsoz_
Фото суреттер Unsplash сайтынан алынған.

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 8

2021-11-21 11:06:57 Осы біздің әредікте кей нәрселерге көңіліміз толмай, кіжініп жүретіміз бар: "жолдарды қашан жөндейді осы?", "автобуспен адам емес, көмір тасығандай жүреді, түге" деген сияқты сөздермен кейіп те жатамыз. Бірақ көбінше сөз күйінде қалып, "ой, қойшы, оларға жазып босқа әуреге қаласың" деп қоямыз тағы. Өзім де сондаймын.

Бірақ, былтыр неге екені есімде жоқ, әйтеуір метромен көбірек жүргендіктен, сол жақтағы бүкіл ақпарат орысша жазылғаны көзіме түсті. Ол кезде де "осы біздің адамдарда намыс жоқ па" деп қойып, сонымен бір іс тындырғандай, қабағымды түйіп жүрдім өзінше. Деп жүргенде кім біледі көрдім ба, естіп қалдым ба, әйтеуір "open almaty-ға жазып көрейінші" деген зәуде бір ой келді. Сөйтіп, былтырдан бері мына жерде анау жоқ, ана жерде мынау жоқ деп жаза бастадым. Суреттерде нәтижелері.

Айтпағым, сөйтіп (әншейін емес, әлбетте, заңға сілтеме жасап, дұрыстап түсіндіріп) жазса ол жоғалып кетпей, оған кәдімгідей жауап беріп, жасау керек затты да жасайды. Тез емес әрине, әлі де сол бюрократиялық анау-мынаулар бар, бірақ әйтеуір бір жасалады.

Демек, болмашы көрінсе де, егер сондай уақ заттарға көңіл бөліп, соларды түзеуге әрекет ететін болсақ, қоғам да, адам да түзеліп қалар. Сондықтан, құлаққа алтын сырға! :)

OpenAlmaty-ның бір жарнамасы секілденіп тұр, білем, бірақ "жақсының жақсылығын айт" демекші сол кісілерге бір алғысым болсын деген де ниетім бар. КГП "Метрополитен" да сөзді аяқ асты етпей, істегендеріне алғыс.

Осы жерге дейін оқып жеткендерге көп рақмет! :)

P.S. Дареджани-де қазақша мәзірі бар екен, сұрау керек бірақ. Басқа жерлерде де сұрап көру керек.
99 views08:06
Ашу / Түсініктеме
2021-11-21 11:06:54
101 views08:06
Ашу / Түсініктеме
2021-11-16 20:33:10
Если вы готовы присоединиться к нашему разговорному клубу, просим заполнить форму по ссылке.

Дополнительные вопросы можно задать @maksache.

Внимание! Мероприятия расчитаны для тех, кто изучает казахский язык, а не для носителей языка.
146 views17:33
Ашу / Түсініктеме
2021-11-09 09:20:05
Trolls фильмінен үзінді.

Тимберлейк жетекшілігімен жасалған ғажап музыканы өзімше қазақшалап еркін аударған түрім
187 views06:20
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 09:00:03
Сөз: Көпек
сын есім

Тапал, кішкентай; кәндек
-
Маленький, низкорослый; дворняга

Сен ауылда үрген көпек ит.
Мен азулы арлан бөрі едім.
Ақберен жырау шығармасынан

Көшені шаңдатып мына көпек сиырлар келе жатқанда, өзінің туып-өскен деревнясы есіне түсіп, Галяның көңілі бір селт етеді.
Т.Ахтанов, Боран

Шәңк-шәңк жөтелген көпек иттердің дауысы тып тыныш орманның шырқын бұзды.
Қ.Ысқақ шығармасынан

Әлгі бір анадайдан кәукілдеп, жүгіріп шығатын шабалаң көпек иттер болушы еді ғой.
Ә.Кекілбайұлы, Елең-алаң

Дереккөз 1; Дереккөз 2
164 views06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-10-06 07:36:20 Qazaqsha Jaz, Qazaq Grammar, Kazak Buuble. Жастардың қазақ тілін дамыту жолындағы тың бастамалары

Былтыр Қазақстанда қазақ тілді тұтынушының құқығын қорғайтын ерекше қозғалыс пайда болды. Жас белсенділерден құрылған @QazaqshaJaz - "Қазақша жаз" қозғалысы түрлі компаниялар, кафе-мейрамхана, дүкендердің желідегі парақшаларына хат, пікір жазып сыпайы түрде қазақша ақпарат, меню сұрайды. Қозғалыс белсенділері бұл әдісті "тербеу" деп атайды. "Тербеудің" бірнеше ережесі бар: тек заң аясында әрекет ету, сыпайы болу және балағат сөз жазбау.

– Қозғалысты бастаған белсенділердің бәрі зорлық-зомбылықсыз орта құруға тырысып жүрген адамдар. Сондықтан әуел бастан-ақ агрессив әдіс қолданбаймыз деп шештік. Біз мысалы, компания парақшасындағы бір постың астына "Саламатсыз ба, дүкеніңізге жиі баратын едім. Өнімдеріңіз қатты ұнайды. Егер парақшаңызға қазақша ақпарат қоссаңыздар, маған тіпті ыңғайлы болар еді. Рақмет!" деген сынды пікір қалдырамыз. Соның арқасында бизнеспен дос болуға тырыстық. Олар да біз құқықтарымыздан артық ештеңе талап етпейтінімізді түсінді, – дейді қозғалыс бастамашыларының бірі Әлия Сари.
106 views04:36
Ашу / Түсініктеме
2021-09-29 11:44:38 Бізде әлеуметтік желіні бұғаттамайды-ау деген болжамым бар.

Өйткені олай жасау абсурд. Адам құқығын шектеу былай тұрсын дегеннің өзінде, қаншама адамның кәсібі қазір әлеуметтік желімен байланысты. Онсыз да жағдай мәз емес кезде, халықты азықсыз қалдырып билік өзі отырған бұтақты кеспейтін шығар.

Бірақ бізде ол да мүмкін. Кезінде Астана атын ауыстырады деген кезде тоже абсурд қой деп ойлап едік бәріміз. Сондықтан мұндай инициативаларды депутаттар айта бастаған кезден бастап, халық болып интернетте болса да қарсы екенімізді білдіруіміз қажет. "Петиция дым өзгертпейді" деп отыра берсек, жағдай күннен күнге қиындай бермек.

Сілтемедегі петицияға өтіп қол қойып тастасаңыздар дұрыс болар еді.

https://t.me/abramovkz/184
172 views08:44
Ашу / Түсініктеме
2021-09-15 09:37:58 #курс #қазақтілі

Шетелде жүріп те, қазақ тілін үйренуге мүмкіндігіңіз бар!

Бағасы: тегін
Форматы: офлайн және онлайн

“Отандастар Қоры” КеАҚ және “Тіл-Қазына” ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы бірігіп, әлемнің 7 елінде қазақ тілін үйрететін офлайн-сыныптарды ашты.

Франция, Париж
Мұғалім: Қалиева Қ.М.
Тел.: +33 7 81 34 65 43

Германия, Берлин
Мұғалім: Омар А.
Тел.: +420 774 382 514

Бельгия, Антверпен
Мұғалім: Әмірқұлова А.
Тел.: +32 495 40 28 19

Түркия, Ыстамбұл
Мұғалім: Берікболова Н.
Тел.: +90 536 255 5121

Иран, Горган
Мұғалім: Қазақ А.
Тел.: +989 113 701 531

Ресей, Омбы
Мұғалім: Нұрмағамбетова Б.
Тел.: +7 908 809 98 45

Моңғолия, Ұлан-Батыр
Мұғалім: Ағызай Қ.
Тел.: +976 9559 9837

Толық ақпарат: Отандастар Қоры
195 views06:37
Ашу / Түсініктеме
2021-09-02 09:00:06 Мата атаулары | 3-бөлім

---
1. БАРШЫН, ҚАМҚА
Парча

Олардың үстінде атлас, торғын, жолақ баршын көрпелер.
Т.Жармағамбетов, Екі жүрек

Басындағы шоқ үкілі камшат бөркі де, үстіндегі қос етекті көйлегі де, белін қынай киген қамқа ішігі де өзгеше.
І.Есенберлин, Көшпенділер: Алмас қылыш

---
2. ДОҚАБА, ҚЫЖЫМ
Плюш

Сайлардың бетегелі бұлымдары бір жері тақыр, бір жері ашаң, жасыл тозған доқабадай.
Ш.Мұртаза, 41-жылғы келіншек

Аздап күте тұруға тура келді. Әлден уақытта іштен үстінде қара қыжым қамзолы бар кәрі шешей шықты.
С.Мәуленов, Шыңдағы шұғыла

---
3. САҢ, БӨЗ
Бязь

Жейде-дамбал ақ саңнан, жарғақ шалбар,
Жырым балақ матамен әдіптеткен.
Абай, Ескілік киімі

Иніші жыртылған көйлектер, тері шалбар мен бөз көйлектің қасында ханның киіміндей.
Х.Есенжанов, Тар кезең

---
4. ШІЛТЕР
Кружева

Көрпе-төсекке малындырып, шілтерлі ақ жапқан.
Ә.Нұрпейісов, Күткен күн

---
5. ҰШТАП
Штоф

Қауынның әңгелегіндей томпиған қос анары қос етек ақ ұштап көйлегінің омырауын кернейді.
Сейітжан Омаров, Жүйрік ат көңіл

---
6. ШҰҒА
Драп

Абай үстіне бешпет, шалбар, сыртынан ұнамды күрең шұғамен тыстатып жеңіл, жылы, кең күпі киген.
М.Әуезов, Абай жолы: 2 том

---
7. КЕНЕП
Мешковина

Вагонның біреуінде, үстіңгі орында киімсымақ бірдемелерді астыма төсеп, кенеп дорбамды басыма жастап, шалқамнан түсіп жатырмын.
Б.Соқпақбаев, Өлгендер қайтып келмейді
202 views06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-09-02 09:00:06
184 views06:00
Ашу / Түсініктеме