Get Mystery Box with random crypto!

Сөз:

Telegram арнасының логотипі qazsoz — Сөз: С
Telegram арнасының логотипі qazsoz — Сөз:
Арна мекенжайы: @qazsoz
Санаттар: Тілдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.07K
Арнадан сипаттама

Қазақтың ұмыт болған, сирек қолданылатын яки көпшілікке беймәлім сөздерді жариялап отыратын телеграм арнасы. Сұрақ не ұсыныс бойынша маған, яғни @ileezyy-ге жазуға мархабат.
Insta: https://instagram.com/qazsoz_
Фото суреттер Unsplash сайтынан алынған.

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2021-07-20 09:49:59
176 views06:49
Ашу / Түсініктеме
2021-07-13 10:00:06
Мұнда статистиканы қарап жатыр ем, сөйтіп қарасам оқырмандардың көбі әлі де телеграмның орысша нұсқасымен қолданып жүр екен. Осыны біржола түзеу керек-ау деймін.

https://t.me/setlanguage/kk-beta

Осы сілтеме арқылы телеграмдарыңызды қазақшалап қойғын :)
234 views07:00
Ашу / Түсініктеме
2021-07-12 15:00:04
Сөз: Кенде
сын есім

1. Тапшы, мұқтаж, зәру; 2. Кем, аз.
-
1. Недостаточный, нужда; 2. Мало, меньше.
-
1. — Әй, шырағым-ай, ата кәсіп аздырып-тоздырып болды ғой. Осы дүниеде кім қор, кім кенде? Дәл сол қалың қазақ баласы ғой...
(М.Әуезов, Абай жолы: 3 том)

2. Күн көрсетпей не қылдық? Ішкеннен, жегеннен кенде болдың ба? Ішінде арамдығың бар ғой, бәлең бар ғой.
(Ж.Аймауытов, Қанапия-Шәрбану)

3. Мен деген - ырза, мәз бала 
Сәби қалпымнан қозғама. 
Молынан маған бермеген 
Бермесе қойсын кенде емен.
(М.Мақатаев, Мен деген - ырза, мәз бала)

4. Ішім пысты, жалықтым,
Жүре алман енді аяңдап.
Кенде қаппын, жаңа ұқтым,
Не болса соған аяңдап.
(Қ.Аманжолов, Ішім пысты. Жалықтым)

Дереккөз 1; Дереккөз 2
115 views12:00
Ашу / Түсініктеме
2021-07-12 07:09:48
Sozdikqor сайтында мынадай тамаша зат пайда болыпты, кез келген сөзге синоним тауып бере алады екен
343 views04:09
Ашу / Түсініктеме
2021-07-05 15:00:04
Сөз: Өбектеу
етістік

1. Жаны қалмау, асты-үстіне түсу, әлпештеу; 2. Жағымпаздану.
-
1. Проявлять чрезмерную заботу, окружать вниманием; 2. Угождать, заискивать.
-
1. Жақсыменен дос болсаң,
Айрылмас күні қос болсаң,
Басыңа қиын іс түссе,
Алдыңнан шығар өбектеп,
Жаныңа не керек деп.
(Махамбет, Арғымақтан туған қазанат)

2. Құнанбайдың күтіп тұрғанын көріп, өбектеп, қамшыланып асыға жүріседі.
(М.Әуезов, Абай жолы: 1 том)

3. Өзегім от боп күйгенмен,
Өбектеп мені кім сүйсін?
(М.Мақатаев, Өзіме)

4. Дегенмен олар да намысқа тыртысып, өбектеп ердің қасынан ұстап болса да , ел қарасына ілесуге жарады.
(Қ.Жұмаділов, Тағдыр)

Дереккөз 1; Дереккөз 2
91 views12:00
Ашу / Түсініктеме
2021-06-28 15:02:28
Сөз: Әлей (әлейім)
сын есім / үстеу

1. Ғажап, керемет; 2. Қатты, зор, көп.
-
1. Удивительный(о), дивный(о); 2. Сильно, очень.

Әлей болсын! — "сізге де соны тілеймін" мағынасындағы тілек (пожелание в значений "и вам того же").
-
1. Бір мезгілде куатымды әбден жиып, жүрегімді тоқтатып алып батырды тік көтеріп алып, жерге қойып келіп жіберіп, кеудесіне мініп алдым. Өзіме-өзім сүйсінуім әлей болды.
(М.Әуезов, Қараш-қараш оқиғасы)

2. Қара көктің үйіріне де қызығуым әлей еді, бірақ мен қара айғырдың үйірін-ақ алайын.
(Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке)

3. Неге үндемей тұр өзі?!.. Мылқау біреу емес пе?» деп ойлаған Ғалия, кім де болса тіл қатқысы кеп:
— Жолыңыз болсын! — деді еңкейген бойын жазып.
Әлей болсын! — деді Балуан дауысын әдейі өзгерте сөйлеп...
(С.Мұқанов, Балуан Шолақ)

4. Ол мына қауырт етек алып бара жатқан әлейім жарыстың байыбына бара алмай, қайран қалып тұр.
(Б.Соқпақбаев, Өзім туралы)

Дереккөз 1; Дереккөз 2
179 views12:02
Ашу / Түсініктеме
2021-06-28 14:45:35
189 views11:45
Ашу / Түсініктеме
2021-06-09 16:58:49 Достар, Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты қазақ тілді тұтынушының портретін жасау үшін зерттеу бастаған. Қызық болса, төмендегі сілтемеге өтіп, сұрақтарға жауап берсеңіз болады.

СІЛТЕМЕ

@QazaqshaJaz
238 views13:58
Ашу / Түсініктеме
2021-05-31 07:36:51 31 мамыр — саяси қуғын-сүргін мен Ашаршылық құрбандарын еске алатын күн.

1931–1933 жылдары болған аштық салдарынан Қазақстанда 1–3 миллиондай адам қырылды. Трагедия халық есінде Ұлы жұт деген атпен қалды.

Осы күнге орай назарыңызға Ашаршылық туралы он факт ұсынамыз.

Сайттан оқыңыз.

#masaархиві
248 views04:36
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 07:01:54 Сатира – қылмыс емес!

@FactcheckKZ редакциясының ҚР Ішкі істер министрлігі мен министр Ерлан Тұрғымбаевқ жолдаған ашық хатына қосыламыз.

Хаттан үзінді:
"Біз сатиралық парақша авторы Темірлан Еңсебекті қамауға алып, оны жалған ақпарат таратты деп айыптау, кем дегенде, өрескел қателік, ал шын мәнінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабын бұзу деп есептейміз"

Толық мәтін осы сілтемеде
292 views04:01
Ашу / Түсініктеме