Get Mystery Box with random crypto!

Ізсіз кеткендерді іздейтін мындай сайт ашылды: https://izsizqa | Сөз:

Ізсіз кеткендерді іздейтін мындай сайт ашылды: https://izsizqantar.com/

Бұл өте маңызды бастама. Барынша таратуларыңды сұраймын. Адамдардың жақындары тезірек аман-сау табылуына тілектеспін!

Ізсіз Қаңтар 2022 шерулер кезінде жоғалған, жарақаттанған, өмірден өткен адамдар туралы ақпаратты жинауда.

Жиналатын ақпарат қаңтар айының басында орын алған шерулерге ғана қатысты.

Жағдай туралы ақпаратты мұқият жинақтау мен көрсету мақсатында, біз жеке деректерді жинаймыз. Ақпаратты үшінші тұлғалармен бөліспейміз.
Біз жинайтын деректерге шеру құрбаны болған адамдардың аты-жөні, туған күні, облысы, статусы, жоғалу, жарақаттану не өлім күні, әрі ақпарат берушінің аты-жөні мен байланысы жиналады. Сонымен қатар, ақпарат берушінің қалауы бойынша шеру құрбаны болған адамның мамандығы, жоғалу туралы оқиғасы, әрі суреті жиналу мүмкін.